©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Әскери-спорттық ойындар басталды
Астана қаласында «Жас ұлан» мектебі мен республикалық әскери мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы бастығының жүлдесі үшін әскери-спорттық ойындар алғаш рет жалауын көтерді.
Фортепиано музыкасының кеші
Қазақ Ұлттық өнер университетінде Халықаралық байқаулардың лауреаты Ұлан Құлмаметовтың фортепианолық музыка кеші өтті. Аталмыш оқу орнының 15 жылдығына арналған бұл шарада Л.Бетховен, Ф.Шопен, Р.Шуман, Ф.Листтің шығармалары орындалды.
«Олар Отан үшін от кешті»
Ұлы Отан соғысының 68 жылдығы қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында «Олар Отан үшін от кешті» тақырыбында көрме ашылды. Көрермендер назарына кең диапазондағы 72 өнер туындысы ұсынылды.
Ардагерлер сапта
Жалпықалалық сенбілікте Тыл ардагерлері, Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің белсенділері «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп белсенділік танытты. Олар он үшінші магистралда орналасқан Бауыржан Момышұлы ескерткішінің аумағын тазалады. Ескерткішті жуып, көгалды тырмалап, аумақты күл-қоқыстан тазартты.
Кеше…
AstanaFloraExpo-2013 гүлдер, ландшафтық сәулет пен дизайнның IV халықаралық дәстүрлі көрмесі ашылды.
Бүгін…
Тәуелсіздік сарайында сағат18.00-де «Қарақат» балалар мектебінің қайырымдылық концерті өтеді.
Ертең…
Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Біз – Қазақстан халқымыз» сату көрмесі ашылады.
Сансөйлем…
Номиналы 500 теңгелік шақа айналысқа шығарылды. Шақаның пішіні 12 қырлы. Шақа 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 5 мың дана.
Еркежан СӘТІМБЕК