НАҚ-НАҚ

0 78

Әскерге шығарып салады

23 сәуір күні астаналықтар Отан қорғаушылар ала­ңын­да әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шы­ғарып салады. 

Бозбалаларды азаматтық борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ҚР Қару­лы Күштерінің имиджін жақсар­ту­ға бағытталған «Астана жастары мен әскердің мүддесі бір» ак­циясы аясында өткізіледі.

Қайсар тұлғаларға қошемет

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тең мүмкіндіктер спорты» ұлттық жобасы аясында тұңғыш рет «Қайсар тұлға» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.

Онда мүгедектер спортындағы үздік жаттықтырушылар мен спортшылар, меценаттар және облыстық (қалалық) клубтар, мектептер мен бөлімдер марапатталды.

 «Энергиялық тиімді орам»

ТКШ жетілдіру бағдарламасы шеңберінде жедел түрде «Энергиялық тиімді орам» жобасы жүзеге асырылады.

Шағынаудан Күйші Дина көшесінің аумағын қамтиды. Сонымен қатар, орталықтандырылған есептеу құралдарын дұрыс орнату арқылы энергиялық тиімділікті арттыруға қол жеткізуге болады.

Жас инспекторлар слеті

Елордада жол қозғалысының үздік жас инспекторла­рының (ЖЖИ) аудандық слеті өтті. 

Оған қаланың 70 мектебінен «кішкентай полицейлер» қатысты.  Балалар жол қозғалысы ережелерін білуді, жол бойында полиция жезлын қолдануды, ЖКО кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін ортаға салды.

Парижде өнер көрсетті 

Парижде «Халықаралық мәдениеттер үндесуінің 10 жылдығы» атты жобаның тұсаукесері өтті.

Оған Астана мемлекеттік филармониясының өнерпаздары қаты­сып, Құрманғазының күйі күмбірлеп, қазақ әні қалықтады.

Джиу-джитсу мектебі ашылды

Елордада балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін еліміздегі тұңғыш дәстүрлі джиу-джитсу мектебі ашылды.

Бастамаға Қазақ­станның джиу-джитсу және аралас жекпе-жек түрлері бойынша федерациясы мен Kcell компаниясы мұрындық болды.

Кеше…

№2 Балалар музы­ка мек­тебінің «Шал­қысын ас­қақ әуе­нім…» атты жыл­дық есеп беру кон­цер­ті өтті.

Бүгін…

Астаналық цирк­те сағ.16.00-де «Лилипуты» атты Ресей циркі өнер көрсетеді.

Ертең…

М.Горький атындағы мем­­­ле­кеттік академиялық Орыс драма театрын­­­да Дж.Ма­ротта мен Б.Ран­до­­не­­нің «Утеши­тель вдов» ита­лия­лық фар­сы қо­­йылады.

Сансөйлем…

Биылғы жылдың басынан бері елордада 212 өрт тіркеліп, 9 адам көз жұмған және 15 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − eleven =