НАҚ-НАҚ

0 89

Оқу бағдарламалары таныстырылды

Кеше Астанадағы №52 мектеп-гимназияда «Кәсіп­қор» хол­­дингінің оқыту бағ­дар­ла­­ма­­ла­­ры таныстырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мек­­теп түлектеріне кәсіби-тех­­­­никалық білім беру сала­сын жан-жақты көрсетіп, бола­­шақ ма­­­­мандығын таңдауға көмек­­те­­су.

Әуеде Астана-Бішкек

Айдың соңында Астана-Біш­кек бағыты бойынша жаңа әуе қа­­тынасы іске қосылады.

Жаңа рейс 23 сәуірден бастап аптасына 4 рет ұшатын болады.

Ағылшын тіліндегі театр

15-і мен 20 сәуір аралығында Астана қаласының Білім бас­қармасы, «Pearson» ком­па­­ния­­сы­­ның Астанадағы өкіл­дігі және Ағылшын тілі мұ­­ға­­лім­­дерінің ұйымы ба­­ла­­бақ­­шалар мен қала мектептері арасында «English Theatre Festival» ағылшын ті­­лінде театр қойылымы фес­­ти­­ва­­лін ұйымдастырады.

Шығармашылық жарыс елорда­лық балабақшалар мен №54, №3, №46 мектептерде өтеді. Байқауға 15-тен астам мектептен және 4 ба­­ла­­бақшадан балалар қатысады.

Елордалық мектепке­ – «Еуропалық сапа»

Лондонда өткен Бизнес көш­бас­­­шыларының Саммиті аясын­­да­­ Астана қаласындағы №60­­ мек­­теп­­-лицейге Еуропалық биз­­­нес ассамблеясының «Еуро­па­­­­лық сапа» наградасы тапсырылды.

Бұл жөнінде ассамблеяның өкілі астаналық мектеп-лицейдің директоры Эльмира Суханбердиеваға ресми хат жолдап хабарлады.

Кеше…

Қазақстан Республикасы Прези­ден­­ті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің XIV отырысы өтті.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­­ле­­­кеттік академиялық қазақ му­­зы­­ка­­лық-драма театрында сағ.18.30-да А.Вальехоның «Күн сәулесі түс­­пеген…» психологиялық драмасы қо­­йылады.

Ертең…

М.Горький атындағы Мем­ле­кет­­тік академиялық орыс драма теат­рында сағ.11.00-де М.Бартеневтің «Волшебные слова» ертегісі сах­на­­­­ла­­­­нады.

Сансөйлем…

2013 жылдың 1 сәуіріндегі ақпа­рат бойынша Астана қаласында АИ­ТВ инфекциясына шалдығудың 613 жағдайы тіркелген. Көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 80,6-ны құ­­райды, бұл республикалық 116,4 деңгейінен айтарлықтай төмен.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =