НАҚ-НАҚ

0 78

ШВЕЙЦАРИЯМЕН  ЫНТЫМАҒЫМЫЗ ШЫНАЙЫ

Астанада Қазақстан-Швей­ца­­­рия Іскерлік кеңесінің бі­­рін­­ші отырысы өтті. Кеңеске Қа­­­зақ­­стан­­ тарапынан «Қаз­­Атом­­Өнер­­кәсіп» АҚ Бас­­қар­­­­масының тө­­рағасы Влади­­мир Школьник, Швейцария та­­­­рапынан «Stadler Rail Group» ком­­паниясының пре­­­­зи­ден­ті­ жә­­не иесі Петер Шпу­­лер төра­­ға­­лық етті.

Кеңес Швейцария Эконо­ми­­­­­ка министрі Иоханн Шнай­дер-Амман мырзаның елі­­міз­­ге рес­­ми сапарына орай ұйым­­дас­­ты­­рылған.

ӨЗЕКТІ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ

Астанада «Қазақстан мек­­тептерінде балалар құқық­тарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөң­гелек үстел мәжілісі өтті.

Соның қорытындысы бойынша балалар құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, оның ішін­­де мектептердегі зорлық-зом­бы­­лықтың алдын алу мен түп-та­­мы­­рымен жоюға арналған жан-жақты бағдарлама әзірлеу бойынша ұсынымдар қабылданды.

Машина жасаушылар форумы

16-17 сәуір күндері Астанада ҚР Машина жасаушылардың фо­румы өтеді. «Қазақстандағы ма­­шина жасау саласын да­­мы­­­­тудың болашағы» тақы­­ры­­бын­­дағы басқосу барысында бір­­­неше мәжілістер өткізіледі.

Онда отандық машина жасау саласының өзекті мәселелері – тиімді мемлекеттік реттеу, ин­­но­вацияларды енгізу және ха­­лық­­­аралық тәжірибені кеңінен қолдану жайы талқыға түспек.

Кеше…

Жапонның танымал пианист қызы Аяко Ширасаки концерт берді.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық қазақ му­­зыкалық-драма театрында А.Валь­­е­­хоның «Күн сәулесі түс­­пеген…» пси­­хологиялық драмасы қойылады.

Ертең…

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Ғарыш күніне арналған ашық сабақ өтеді.

Сансөйлем…

Астана қаласында жыл басынан бері 11 445 ұсақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың 1 145-і– ұсақ бұзақылық; 1 145-і тыныштықты бұзу фактісі; 3 915-і– қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу немесе мас болып келу; 2 960-ы– белгіленбеген жерлерде шылым шегу;140 оқиға – рұқсат етілмеген жерде саудамен айналысу.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 17 =