НАҚ-НАҚ 26 ҚАЗАН

0 129

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры «Опера Еуропа» (Ұлыбритания) халықаралық қауымдастығымен және әлемнің сегіз театрымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2» вокзалынан Астанаға қатынайтын №503/504 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар жүрдек пойызын жолға шығармақ. Ол Алматыдан 31 қазан күні 23 сағат 30 минутта аттанып, Астанаға 1 қараша 12 сағат 33 минутта келіп жетеді.

16 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залында композитор Александр Зацепиннің «Көгілдір аспан астында…» шығармашылық кеші өтеді. Мұнда Қазақстанның белгілі эстрада әншілері Александр Зацепиннің әндерін орындайды.

Астана қаласы Әділет департаментінде ашық есік күндері өтіп жатыр. Іс-шара зияткерлік меншік жөнінде кеңес беріп, тұрғындардың заң туралы сауатын күшейтуге бағытталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 17 =