НАҚ-НАҚ

0 87

Балабақша бағдары

Бүгінде Астанада балабақша кезе­гін­де 70 мыңға тарта бала тұр. 2013 жылдың басынан бері елордада 480 орындық 2 балабақша құрылысы бас­тал­ды. Биыл тағы да 1540 орындық 7 балабақша тұрғызу жос­парлануда. Сонымен қатар, Күйгенжар ауылында бұрын­ғы мектептің ғимаратын 100 орындық балабақшаға ыңғайлап, жаңарту ұйғарылған. Бұдан бөлек, қалада 1920 орындық 8 бала­бақ­ша­ құры­лы­сы жалғасуда.

50-ден астам ота жасалды

Астанада 2011 жылдың қара­ша­сында жасанды жүрек салу бойынша бірінші ота жасалды. Сол арқылы Ұлттық ғылыми кар­дио­хи­рургиялық орталық әлемнің ең беделді жиырма­ кли­ни­касының қатарына енді. Кейін­гі 1,5 жылда Ұлттық ғылыми кар­дио­хи­рургиялық орталық база­сын­да 50-ден астам осындай ота жасалды. Ол созылмалы жүрек талма­­сы­­на шалдыққан науқастардың осы дерттен жазылу­ үмітін оятты.

Жас суретшілер жобасы

5 сәуірден 5 мамырға дейін елор­да­ның «Хас Санат» галереясында жас суретшілерді қолдау үшін арнайы ұйымдастырылған тұңғыш рет көктемгі арт-салон өтеді. Шараның шығар­машылық тапсыр­ма­сының атауы «Шаңырақ» деп аталады. Жас суретшілер өз туын­ды­ларында шаңырақ ұғы­мы­ның қазақ мәдениетіндегі маңызын толық ашып көрсетуі қажет.

Геологтар қалашығы салынады

Астанада геологтар қалашығы салынады. Жоспар бойынша­ оның құрылысы 2014 жылы бас­тал­мақ.­ Біздегі жер қойнауы кен бай­лық­та­рына толы. Әйтсе де, алы­натын минералды қазба­лар­ға­ сараптама сыртта­ жасалады. Себебі, халықаралық дең­гей­дегі зертханалық орталық жоқ. Сондықтан, бұл орта­лық­тың маңызы зор болмақ дейді мамандар.

Кеше…

«АЛЖИР» мұражайында «Шығыс Қазақстан» слайд-көрмесі ашылды.

Бүгін…

Тәуелсіздік сарайында «Қазақстандық жасаймыз» форумы басталады.

Ертең…

Қазіргі заманғы өнер мұражайында Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған «Амангелді Иманов» көрмесі ашылады.

Сансөйлем…

Астанада су тасқынына қарсы іс-шараға 350 техника жұмылдырылуда. Олардың 100-ге тарта су соратын машина мен тиегіш және су айдайтын қондырғылар. Тағы да 100-ге тарта үлкен тиегіш машина мен өзі аударатын жүк автомобильдері және сорғы тракторлар бар.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 2 =