НАҚ-НАҚ

0 135

Семей театрының тартуы

18-20 сәуір күндері Ф.М.Дос­тоев­ский атындағы Семей мем­лекеттік академиялық театры гастрольдік сапармен келеді. Семейліктер түр­лі жастағы көрермендерге арнал­ған қойылымдар көрсетпек.

Атап айтқанда, кішкентай мек­­­теп оқушылары үшін «Си­қырлы торсылдақ», поэ­­ти­­ка­­лық «Отырардың күй­реуі» жә­­не «Он үшінші жұлдыз» спек­­такльдері ұсы­нылды.

«Құланшы» көрмесі

Сәуірде қаладағы «Құлан­шы» арт-орталығында ба­ла­лар шы­­ғармашылығы көр­­ме­­­­сі жұ­­мысын бастайды. Экс­­­­­­по­­зицияда «Нұр Ор­­да» ха­­­­­­лық­­аралық мектебі оқу­­шы­­ларының жұмыстары қо­­йы­­лады.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, туындылардың та­­қы­­рып­­тары өте кең. Атап айтқанда, қа­­зақтың ұлттық мәдениеті, елі­­міз­­­­дің әсем табиғаты автордың іш­­­­кі әлемімен астасып, тұтас шы­­­­ғар­маның әрін беріп тұр.

Үздік қызметкерлер марапатталды

Елордалық ІІД Патрульдік по­лиция полкінде кәсіби қыз­­метте көзге түскен үздік қызметкерлер марапатталды.

Қызметтік міндетін адал атқа­рып, кәсіби маман екенін іспен дә­лелдегені үшін полктің екі қыз­­мет­­кері «Қазақ полициясына – 20 жыл» төсбелгісімен, 31 қыз­­меткер ІІД бастығының ал­­ғыс хаты және грамоталарымен марапатталды.

Кеше…

«Әдемі-ай»  компаниясы мен «Әдемі-Ай» өнер мұражайы Қа­­зақ­­стан Республикасының Ұлт­­тық академиялық кітапханасы жә­­­не «Этнодизайнқазақ 2030»­­ бір­­лес­­ті­­гімен бірлесіп  «Ұлт­­жауһары» ат­ты көрме ұйым­­дас­­тыр­­ды.

Бүгін…

«Қазақстан» концерт залында Ас­тана мемлекеттік филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің елорданың 15 жылдығына арналған «Өз елім» атты концерті өтеді.

Ертең…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­­ле­кеттік академиялық казақ му­­зы­­ка­­лық-драма театрында А.Ца­­га­­ре­­лидің «Гамарджоба!» музы­­ка­­лық комедиясы қойылады.

Сансөйлем…

2013 жылдың І тоқсанында ал­ғаш­қы рет тіркеуден өткен заңды тұлғалар 1272-ге жетті. Заңды тұл­­ға­­ның көбі Алматы ауданында – 48,5% тір­­келген. Сарыарқа ауданында  үлес салмағы – 32,8%, Есіл ауданында 18,7%-ды құрады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × five =