©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
«Қару-2013»
Елорда аумағында «Қару-2013» шұғыл алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шара қаладағы жағдайды тұрақтандыру, қылмыстың және қару-жарақ пен жарылғыш заттарды қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Полицейлер 604 қару сақтайтын азаматтарды тексерді. Қорытындысында заңсыз қару-жарақ сақталған, алып жүрген және уақытында есепке қоймаған 29 факт анықталды. 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көне қолөнер көрмесі
Астанадағы Алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайында ескілікті зергерлік бұйымдары мен «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесі» ашылды.
Көрермендер назарына зергерлік бұйымдар мен бас киімдер, ер-тоқым әбзелдері, коллекционер-этнограф Е.Даубаев жинаған XVIIІ мен ХХ ғасырларда қолданған қазақ халқының көне бұйымдары қойылды.
Дискілер тәркіленді
Елордалық құқық қорғау қызметкерлері авторлық құқықтың сақталуы үшін кезекті тексерулерін базар аумақтары мен сауда үйлерінің маңында жүргізді.
«Контрафакт» деп аталатын шұғыл-алдын алу іс-шарасы «Шанхай» базары аумағы мен «Артем», «Встреча», «Гүлжан» сауда үйлерінде жүргізілді. Тексеру барысында қарақшылық өнімдер сатумен айналысқан бес азамат ұсталды. Олардан 262 500 теңгенің 875 аудио және бейне-дискілері тәркіленді.
Кеше…
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қоғамдық тәртіпті бұзатындар мен адамгершілік ардан аттағандар үшін көшпелі сот мәжілісі өтті.
Бүгін…
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Д.Рамазанның «Кенесары Күнімжан» драмасы қойылады.
Ертең…
Бейбітшілік және келісім сарайында АҚШ елшілігінің «Ай Илюминейт» би тобының концерті өтеді.
Сансөйлем
Биылғы көктемде Есіл ауданының әкімдігі 2 478 ағаш отырғызып, 2 100 шаршы метр аумақты көгалдандыруды, сондай-ақ, 4 178 402 гүлді өсімдіктерді егуді жоспарлауда.
Еркежан СӘТІМБЕК