НАҚ-НАҚ

0 74

«Қару-2013»

Елорда аумағында «Қару-2013»­ шұғыл алдын алу іс-ша­ра­­сы ­өтті. Іс-шара қаладағы жағ­дай­ды тұрақтандыру, қылмыстың жә­­не қару-жарақ пен жарылғыш зат­­тарды қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақ­­сатында өткізілді.

Полицейлер 604 қару сақтай­тын азаматтарды тексерді. Қоры­тын­­­дысында заңсыз қару-жарақ сақ­­талған, алып жүрген және уа­­қы­­­­тында есепке қоймаған 29 факт анықталды. 25 адам әкімшілік жа­уап­­кершілікке тартылды.

Көне қолөнер көрмесі

Астанадағы Алтын және ба­­ға­­лы металдар Мемлекеттік мұ­­ра­­жайында ескілікті зергерлік бұ­­йымдары мен «Қазақ халқы­ның көне қолөнер көрмесі» ашылды.

Көрермендер назарына зергерлік бұйымдар мен бас киімдер, ер-то­қым әбзелдері, коллекционер-этно­граф Е.Даубаев жинаған XVIIІ мен ХХ ғасырларда қолданған қа­зақ хал­­қы­­ның көне бұйымдары қо­­йыл­­ды.

Дискілер тәркіленді

Елордалық құқық қорғау қыз­­­­мет­­керлері авторлық құ­қық­тың сақ­­талуы үшін кезекті тексе­­ру­­лерін базар аумақтары мен сау­да үйлерінің маңында жүргізді.

«Контрафакт» деп аталатын шұғыл-алдын алу іс-шарасы «Шанхай» базары аумағы мен «Артем», «Встреча», «Гүлжан» сауда үйлерінде жүргізілді. Тексеру барысында қарақшылық өнімдер сатумен айналысқан бес азамат ұсталды. Олардан 262 500 теңгенің 875 аудио және бейне-дискілері тәркіленді.

Кеше…

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­тех­никалық университетінде қоғамдық тәр­­тіпті бұзатындар мен адамгершілік ардан аттағандар үшін көшпелі сот мәжілісі өтті.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма теат­­рында Д.Рамазанның «Кенесары Кү­­­німжан» драмасы қойылады.

Ертең…

Бейбітшілік және келісім сарайында АҚШ елшілігінің «Ай Илюминейт» би тобының концерті өтеді.

Сансөйлем

Биылғы көктемде Есіл ауданының әкімдігі 2 478 ағаш отырғызып, 2 100 шаршы метр аумақты көгалдандыруды, сондай-ақ, 4 178 402 гүлді өсімдіктерді егуді жоспарлауда.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + four =