©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
«САМАЛДА» АВТОПАРКИНГ САЛЫНАДЫ
Елорданың Алматы және Сарыарқа аудандарында 2015 жылға дейін көпдеңгейлі автопаркингтер салу белгіленген сызбасына сәйкес, Самал шағын ауданында аумағы 0,3 гектар жерге 7 қабатты жабық автопаркинг салу қарастырылған.
ДЕПАРТАМЕНТТЕГІ ДОНОР КҮНІ
15 наурызда ІІД аппаратының қызметкерлері арасында «Донор күнін» өткізді.
Астана қалалық ІІД-нің басшылығы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» жыл сайынғы қалалық донорлық қозғалыс бастамасына кезекті рет қолдау білдіріп, аталмыш ұжымның 50-ден астам қызметкердің әрқайсысынан 450 мг қан алынды.
Аурудың көрсеткіші азайған
Астана қаласының денсаулық сақтау органдарының шұғыл қолға алған іс-шараларының арқасында туберкулез ауруын айтарлықтай азайтуға қол жетті.
Биыл аталған дерт көрсеткіші 19,1%-ға азайып, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 138,1-дің орнына 100 мың адамға шаққанда 111,7-ға жетті.
Шығармашылықта шекара жоқ
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі өткізілді.
Бұл жоба әртүрлі жастағы, түрлі аурумен ауыратын адамдардың басын біріктіріп, оларға көмектесуді мақсат тұтады. Фестиваль аясында декоративті-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтіп, онда қатысушылар өздерінің декоративті-қолданбалы өнерлерін көрсетті.
Кеше…
Астаналық мектеп оқушылары командасы республикалық олимпиадада математикалық бағыттағы білім беретін пәндер бойынша «Үздік команда – 2013» атағын жеңіп алды.
Бүгін…
Қазақстан мен Германия арасындағы технология мен білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында конференция өтті. Конференция «EХРО-2017 тұрғысында білім мен технология арасындағы трансфер» тақырыбына негізделген.
Ертең…
Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Армысың, әз-Наурыз!» театрландырылған концерттік қойылым сахналанады.
Сансөйлем
Биыл Наурыз мейрамына орай, қала бойынша барлық негізгі көшелерде 200-ден астам үлкен тулар, 1250 ту тұғырлары, 60 тақырыптық билбордтар, 50 кіші архитектуралық формалар орналастырылады.
Еркежан СӘТІМБЕК