НАҚ-НАҚ

0 110

Қала қардан тазаланады

Елордада қыс басталғалы бері 1,8 млн текше метр қар тазаланып,­ сырт­қа шығарылды.

Су тасқынының алдын алу жос-пары аясында қаланың барлық қыз­меті тәулік бойы жұмыс істеу тәр­тібіне көшірілген. Орта есеппен бір тәулікте қаланы қардан та­залауға 369 адам мен 857 тех­­ника жұмылдырылады.

Баспана беріледі

Қалалық Тұрғын үй құрылысы бас­қармасының хабарлауынша, биыл 2063 пәтерлі жеті тұр­ғын үй ке­­шені пайдалануға берілмек.

Оның ішінде, Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкінің желісі бо­­йынша бар­лық санаттағы тұр­ғын­дарға арнал­ған­ тұрғын үйдің ау­мағы 88,1 мың шаршы метр, яғ­ни – 1633 пәтер.

Қызмет аясы кеңейді

Елорда тұрғындарын қажетті элек­тр қуатымен қамтамасыз ету мақ­­­сатында жаңадан құ­рыл­ған «Ас­­та­­наЭнергоҚамту» компаниясы­ қызмет көрсету аясын кеңейтті.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш компания жеке тұл­ғалар мен кондоминиумды бас­­қа­ру органдарын электрмен, ал 1 ақпанынан бастап жеке жә­не заңды тұлғаларды жылумен қам­та­масыз етуді қолға алды.

Арнайы бөлім ашылды

Есіл ауданының әкімдігінде жасы ұлғайғандар мен мү­ге­дек­терге үйде көмек көр­се­тетін арнаулы бөлім ашылды.

Аталған санатқа жататын аза­мат­­­тарға әлеуметтік, тұр­мыс­­тық, эко­­номикалық, педа­го­­гикалық, пси­­­хо­­логиялық, құқық­тық жә­не меди­­ци­­налық көмектер көр­се­ті­леді.

Гүлмира АЙМАҒАМБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − one =