Нақ-нақ. 2-3 қазан

0 113
  • Қарттар күні Астананың барлық емханасында Ашық есік күндері өтті. Онда қариялар терапевт, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, психолог мамандарға тегін қаралып, әлеуметтік қызметшілерден кеңестер алды.
  • Елордада балалар арасындағы топтық жаттығулар бойынша көркем гимнастикадан қаланың ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
  • Елорданың Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарында әс­керге шақырылушылар медициналық комиссиядан өтуде. Мұнда қазір болашақ жауынгерлерге әскери-пат­риот­тық тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйым­дас­тырылуда.

  •  «AstanaPianoPassion» халықаралық классикалық музыка фестивалінің ұйымдастырушылары жеңімпаздарға арналған марапат мүсіншесінің нұсқасын жасауға, сонымен қатар, «AstanaPianoPassion» жас пианисттер байқауына арналған сахнаны сәндеу үлгісіне ашық шығармашылық байқау жариялады.
    Жеңімпазға қомақты ақшалай сыйлық бар.
  • Қазақстанның Бас прокуратурасы еңбек дауларын ушық­тырғаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды көздеуде.

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + nineteen =