НАҚ-НАҚ

0 100

Күн райы көп өзгермейді

Демалыс күндері Астанада ауа райы қатты өзгермейді. Сенбі мен жексенбінің түні айтарлықтай аязды болады, алайда күндіз аздап жылынады.

Сенбі күні елордада күн бұлттанғанмен, жаң­быр­ жаумайды. Солтүстік-шығыстан жыл­дам­ды­ғы секундына 5-10 метр жел­ со­ға­ды. Сынап бағанасы түнде -7-9°­C-қа­ дей­ін төмендейді, күндіз -2-0°C­ суық болады. Жексенбі күні көшпелі бұлт шы­ға­ды, жаңбыр жаумайды. Шығыстан жыл­дам­ды­ғы секундына 5-10 метр жел еседі. Ауа­ температурасы түнде -7-9°C салқын, күндіз +1+3°C жылы болады.

Мәнді мәжіліс

«Нұр Отан» ХДП-ның Астанадағы Орталық аппаратында партия Саяси­ кеңесінің заңнама және нор­ма­ шығармашылығы жөніндегі комис­сия­сының отырысы өтті.

Онда «Азаптауларға және басқа да­ қа­ты­гез, адамгершілікке жатпайтын­ және­ ар-намысты қорлайтын іс-әре­кет­тер­ мен жазалау түрлерінің алдын алу­ға­ ба­ғытталған ұлттық алдын алу теті­гін құру»­ мәселесі тал­қы­лан­ды.

Кесел көрсеткіші кеміді

Астанада қатерлі ісікпен ауыра­тын­дар саны кеміді. Қазір ол 100 мың адамға шаққанда 169,4-ті құрайды.

Бұл 2011 жылмен салыс­тыр­ған­­да­ 3,­2%-­ға­ (100 мың адамға – 175,1) кеміген. Сонымен қат­ар,­ ол рес­пуб­ли­ка­дағы орташа­ көр­сет­кіш­тен­ де (100 мың­­ адамға – 188,4) аз. Елордалық меди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рінің айтуынша, қа­терлі ісіктен өлім-жітім 2012 жы­лы 0,5%-ға төмендеп, 100 мың­ адамға шақ­қан­да 81,3-ті құра­ды

Сансөйлем

2013 жылдың қаңтар-ақ­пан­ айларында тұрғын үй құры­лы­сы­на бағытталған инвес­тиция көлемі 5085,1 млн теңге болды. Бұл 2012 жыл­дың қаңтар-ақпан ай­ла­ры­­­мен салыстырғанда 107,7 пайызға артық.

Кеше…

М.Горький атындағы акаде­мия­­лық­ Орыс драма театрында­ бел­­гі­­лі венгр жазушысы әрі венгр­ теа­т­ры­ның негізін қалаған Ишт­ван­ Эр­кен­нің­ «Тот, майор және басқалар» не­месе «Тоттар жанұясы» коме­дия­сы­ның­ премьерасы өтті.

Бүгін…

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің­ оқу­-әкім­шілік корпусында 11.00-ден 14.00-ге дейін туризм са­ла­сын­дағы бос жұмыс орнының жәр­мең­кесі өтеді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ішкі туризмді дамыту жөніндегі «Менің елім» қауымдастығымен бірге өткізіледі.

Ертең…

«Жастар» сарайында сағат 19.00-де Мүмкіндіктері шектеулі жан­дар­ға арналған фестиваль ая­сын­­да декоративтік-қолданбалы өнер шығармашылығының көр­ме­сі өтеді.

Әнуар әлем чемпионатына барады

Қазақстандықтар Эсбьерг қала­сын­­да өткен «Danish Open-2013» халықаралық турнирінде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жоғары шеберлік үлгісін көрсетті.

Осы жылдың тамыз айында­ Кана­дада өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып та­бы­­ла­тын турнирге он елден ең­ мық­ты спортшылар қатысты. Қазақ­­стан­­дық командада алты ат­лет­ болса, олардың үшеуі – ел­ор­­­далық «Қайсар» клу­бы­ның тәр­бие­­ле­ну­­­ші­­лері. Балалар бар­лы­ғы 23 медальге ие болды. Ол­ар­­дың­­ 9-ы – алтын, 11-і – күміс, 3-­еуі – қо­­ла­ медаль.
Сонымен қатар, іріктеу кезе­ңі­нің­ бар­­лық нормативтерін орын­да­ған­ ас­та­­на­лық Әнуар Ахметов пен Жамбыл облысының өкілі Зульфия Ғаби­дуллина әлем чем­пио­­на­тына жол­дама алды.

Көзінен мүгедек 20 жасар­ Әнуар Ахметов бірнеше жыл­ қа­та­ры­нан­ жоғары көр­сет­кіш­тер­ге қол жет­кі­зіп келеді. Бұл жолы ол 50 және 100м­­ қашықтыққа жүгіріп, топ жар­ды. S-12 еркін класында 50 м арқа­сы­мен жыл­жып,­­ 200 метрді ба­ғын­дырды. Ол­ осы­ ­жерден төрт алтын алған бо­ла­тын. Сонымен қоса оның қор­жы­нын­да үш күміс медаль бар­ ек­ен­ді­гін де айтқан жөн. «Қайсар» клу­бының тағы бір өкілі Михаил­ Ере­менко S-6 класында (СПОДА) арқасымен жылжуда 100 метрлік қашықтықта екі рет екінші болып келді. Осы санат­та өнер көрсететін Сиязбек Дә­лиев­ Да­ния­дан қола жүлде алып­ кел­ді. Астана қаласындағы «Қай­сар» спорт клубының аға жат­тық­ты­ру­шы­сы, жүзуден ҚР Еңбек сі­ңір­ген спорт шебері Владимир За­го­род­ний­дің айтуынша, турнирде бәсекелестік өте үлкен болған.

VI Астана экономикалық форумы өтеді

Мамырда Астанаға Нобель сыйлығының он лауреаты келеді. Атап айтқанда, биылғы 22-24 мамыр аралығында БҰҰ-ның қолдауымен елордада VI Астана экономикалық форумы және Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция ұйымдастырылады. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұңғыш рет өткізіледі.

Ол әлемдік дағдарысты еңсеру тұрғысында жоспар жасауға негізделген. Алғашқы Астана экономикалық форумына 40 мемлекеттен 500 өкіл келген болса, V АЭФ-қа 100 елден 8 мыңнан аса қатысушы келді. Биылғы VІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін шетелдіктерге 8 мыңнан аса шақырту жіберілді. Осы орайда қазіргі кезде 60 мемлекеттің мәртебелі тұлғалары, Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса ірі корпорация басшылары, сонымен қатар 11 мемлекет және үкімет басшылары, 15 министр мен орталық банктердің басқарушылары, халықаралық ұйым жетекшілері қатысуға ниет білдіріп отыр.

Ең Үздіктер екшелді

Елордада еліміздің үздік жұмыс берушісіне тағайындалған «Сенім-2012» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаз жүлделері «Адам ресурстарын басқару: Үшінші мыңжылдық HR трендтері» атты халықаралық конферен­ция­ барысында тапсырылды. 

Сонымен, «Ең озат жұмыс беруші ұлттық компания» – «Қазақтелеком» АҚ, «Ең озат жұмыс беруші өңір» – «CP Hotels Atyrau» компаниясы» ЖШС (Атырау) мен «Қостанай минералдары» АҚ (Қостанай), «Астана мен Алматыдағы ең озат жұмыс беруші» – «Prime Aviation» АҚ мен «Астана қонақ үйі» АҚ, «Ең үздік жұмыс беруші трансұлттық компания» – «Проктер энд Гэмбл Қазақстан» ЖШС атанды.

Сондай-ақ, «Үздік HP-жоба» аталымында «Қазақтелеком» АҚ – «ТОП 50: «Қазақ­те­ле­ком» таланттарды басқару» жобасы, «Проктер энд Гэмбл Қазақстан» ЖШС – «P&G Vibrant Living – қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі мен жеке өмірін ұштастырудың кешенді бағдарламасы», «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Инновациялық HR тетік­тер:­ 4 жүйе – www.zhastemir.kz инновациялық идеялардың ақпараттық инкубаторы және корпоративтік әлеуметтік желісі» үшін марапатталды. Ал, «Богатырь көмір» ЖШС «Lean Six Sigma әдістемесін енгізу» жобасының тиімділігі үшін «Үздік HR жоба» аталымы бойынша республикалық «HR-менеджерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің арнаулы сыйлығына ие болды. Сондай-ақ осы аталымда «KEGOС» АҚ «KEGOС» АҚ Династиялары»­ жобасы үшін Әлеуметтік әріптестік орталығының арнаулы сыйлығын алды.

Қарғын су қаламызға жайылмайды

Әзімбек БАСҚАНБАЕВ, «Астана-тазалық» ЖШС директоры:

– Су тасқынына қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?
– Ауа райының күндіз күрт жылынуы мен түнде салқындап, мұздың қатуына байланысты қаладағы барлық меншік иелері нысандар мен ғимараттарды, тұрғын үй қорларын қардан тазалап жатыр. Су тасқынына қарсы бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Әсіресе еріген қар суының жиналуына жол бермеу үшін қарқынды іс-шаралар атқарылуда.

–Бірінші кезекте қандай аумақтар тазаланып жатыр?
– Көктем жақындағанда сай-сала­ны­­ су алып, қатып қалған мұз ерiп, тұрғын­дар­дың жақын жердегi аял­да­ма­лар­ға, қоғамдық орындарға жетуі қиын болмас үшін алдымен балабақша, мектеп, емдеу мекемелері, сондай-ақ жеке секторлардың аумақтары тазаланып жатыр.

– Қанша адам, автотехника жұмыл­ды­­рыл­ды?
– 400 жол жұмысшысы, 200 «КамАЗ»­ көлі­гі, 45 су соратын машина, мұз­ды­ ері­тіп ағызатын көліктеріміз бар. Сон­­дай­-ақ, себуге 600 мың қап құм дай­ын­­дап қойдық. Қаладағы үш ауданда 3 дис­пет­чер­лік пунктіміз бар. Тұрғындар соған хабар­ласа алады.

– Осы уақытқа дейін қанша қар шыға­рыл­ды?­
– Биыл қыста 4 млн 100 мың текше метр қар шығарылды. Былтырғыға қара­ған­да бірнеше есе көп. Өткен жылы 2 млн текше метр қар шығардық. Соңғы екі күнде 85 мың текшесі тасылды. Күндізгі уақытта – 180, түнде 220 «КамАЗ» көліктері жұмылдырылады.

Киберқылмыс жөнінде кеңесті

Киберқылмыс – компьютерлік технологияларды­ қолдану саласында жасалатын­ қылмыс. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін кибер­қыл­мыс­кер­лер­ге тосқауыл қоюға бір ғана мемлекеттің күші жетпейді.

Күресудің тиімді тетіктері әзір­ге­ нәти­жесіз болған­дық­тан, бұл­ мәселе халық­­ара­лық деңгейде көтеріліп жүр.­ Ға­лам эко­но­микасына жыл сай­ын­ миллиардтаған доллар шығын әке­ле­тін аталмыш түйткіл Астанада да тал­қыланды. Қаржы полициясы академия­сын­да АҚШ, Түркия, Украина және елі­міз­дің құқық қорғау органдары өкілдері жиналып, кибер­қыл­мысқа тосқауыл қоюдың жолдарын қарастырды. Еу­ро­па­дағы Қауіпсіздік және Ынты­мақ­тас­тық Ұйымы ұйымдастырған бұл семи­нар­ға АҚШ-тың Федералды Барлау Бюро­сының (ФБР) мамандары арнайы қатысты. Себебі, электронды жүйеде жасалатын қылмыстарға қарсы әлемдегі ең ал­ғаш­қы орталық осы ұйым жанынан 1999 жылы ашылған болатын.
Жиында ақпараттық технология­лар қарыштап дамыған сайын виртуалды жүйедегі қылмыстардың да саны артқаны айтылды. Шетелден келген меймандар өзгенің жеке электронды пош­та­сын бұзу, құпия құжаттарды ұрлау, банктегі шоттарды қолды қылу, ұялы телефондар мен төлем қабылдайтын терминалдардан ақша ұрлау, кино өнімдерін заңсыз көшіру секілді әрекеттерді әлем­дік сипаттағы қылмыс деп баға­лады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 2 =