НАҚ-НАҚ

0 88

Аулалар абаттандырылды

Астанада өткен жылы 131 аула абаттандырылды. Олардың әрқайсысында қоршаулар жаңартылып, асфальт жабындары, балалардың ойын алаңдары  және спорт алаңдары  қалпына келтірілді. 2012 жылы Есіл ауданында 30 орамішілік аумағы, Алматы ауданында – 37, Сарыарқа ауданында – 64 аула абаттандырылған.

Ұрлықшылар ұсталды

Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы мен «Алматы» аудандық ІІБ-нің полицейлері қалта ұрлықтарын жасағаны үшін бұған дейін бірнеше рет істі болған 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Полицияға Астанада тұратын әйел хабарласып, белгісіз адам автобус аялдамасында оның қалтасынан әмиянын, құжаттарын, жалпы сомасы 258 мың теңгені құрайтын банкомат карточкаларын ұрлап кеткендігін айтқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан-Беларусь IT-форумы өтуде

Астанада өткен жылы қараша айында ұйымдастырылған Қазақстан-Беларусь бизнес-форумының жалғасы болып табылатын Қазақстан-Беларусь IT-форумы өтуде. Форум аясында өзекті IT-бағыттар, оның ішінде электрондық үкімет, электрондық сауда, бизнес және мемлекеттік құрылымдар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сондай-ақ, жоғары технологиялық жабдық өндірісі бойынша тәжірибе алмасу көзделген.

 САНСӨЙЛЕМ

15 ақпандағы мәлімет бойынша, қой етіне баға 2,3%, сиыр етіне 2%, сондай-ақ, көкөніске, картопқа 4,2%, сәбізге – 4,1% арзандаған. Сонымен қатар, күнбағыс майы 4,4%, ірімшік – 2,2%, қаймақ – 1,6%, пастерленген сүт–  1,2%-ға қымбаттаған. Жарма өнімдерінен сұлы (2,5%), арпа (1,1%), манна (0,6%), қарақұмық ( 0,3%), сондай-ақ, тары (1,3%) бағасы өскен.

КЕШЕ

«АЛЖИР» мұражайында «АЛЖИР» азабын тартқан аналар» атты көрме ашылды.

БҮГІН

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының «Қаламқас» би ансамблінің концерті өтеді.

ЕРТЕҢ

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы қойылады.

 «Сәулет саласының саңлағы»

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында КСРО халық сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық сәулет академиясының академигі Қалдыбай Монтақаевты еске алуға арналған «Сәулет саласының саңлағы» атты көрме ашылды.

Қазақстан сәулетінің тарихында Қалдыбай Монтақаевтың орны айырықша. Алматы жоғары сәулет мектебінің түлегі еліміздің астанасы үшін көптеген тұрғын үй азаматтық құрылыс жобаларын әзірлеп, өзінің сәулет өнеріне деген талантын ерте танытты. Атап айтқанда: 1176 орындық жалпы білім беретін мектеп, ядролық сұйықтықтағы 12 қабатты тұрғын үй, Алматыдағы Президент Резиденциясы (қазіргі ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағаты), Алматы облыстық партия комитетінің ғимараты, тағы басқа да нысандар.  Қалдыбай Жұмағалиұлы еңбек жолын «Алматыгипрогор» мекемесінде сәулетшіліктен бастап институттың бас сәулетшісі лауазымына дейін өсті. Алматыдағы Республика алаңын жобалап, салу Қалдыбай Монтақаев шығармашылығындағы ең негізгі кезең болды. Қалдыбай Жұмағалиұлы жаңа Астананың да сәулеттік қалыптасуына атсалысты. 1996 жылы оның басшылығымен бір топ сәулетшілер Астананы дамытудың бас жоспарын әзірлеу байқауында жеңіп шықты. Ол ҚР Президентінің Резиденциясының (қазіргі ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы), ҚР ҰҚК, Самал шағын ауданы, Үкімет пен Парламент ғимараттарын қайта жаңғырту, Сыртқы істер министрлігі, Конгресс-холл, Есіл өзені жағалауын жаңартудың  авторы. Көрмеге сәулетшінің наградалары, планшеттері мен графикалық және акварельдік жұмыстары қойылады.

Апта аңдатпасы 

Кеше ҚР Президенті жанындағы ор­­талық коммуникациялар қыз­­ме­­­­тінің ке­­­­зекті брифингі өтті. Ор­­та­­лық­­тың ресми өкілі Алтай Әби­­бул­­лаев осы ап­­тада Елбасы­ мен Үкімет бас­­­­­шы­­ларының қатысуымен өте­тін­­ шара­лар­­мен таныстырды. 

Сонымен, аптаның сая­си аңдат­­па­­­­сы келесідей: 7 нау­­­рыз­­да Мем­­­­лекет Басшысы Н.На­­зар­­баев­­­­­тың Қазақстанның әйелдер қа­­уымы өкілдерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтеді. Аталмыш­ шара Халықаралық әйелдер күні қар­­саңында ұйымдастырылып отыр.­­­­ Сондай-ақ, 5 наурызда­­ ҚР Премьер-министрі Серік Ах­­ме­­товтің төрағалығымен Үкі­­ме­­т отырысы өтеді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы 9 наурыз күні ел Президентінің бірқатар тапсыр­­ма­­ларын орындау және іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өт­­кізеді. Премьер-министрдің жетекшілігімен экономиканы же­­тіл­­діру жөніндегі Мемлекеттік ко­­­миссияның отырысын және елі­­міз­­дің әлеуметтік-экономикалық дам­­уы мәселелері бойынша бірқатар жиын­­дар өткізу жос-парланып отыр. 6 наурызда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына, ал 6-7 наурыз күндері ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов басқарған қазақстандық делегация Францияға жұмыс сапарымен барады.

Банкке келмей-ақ, шотыңды аш!

Қазақстанда тұңғыш рет кәсіпкерлер банкке келмей-ақ, есепшот аша алатын болды. Клиенттерге қолайлы қызмет түрінің бастамашысы – «Альфа-Банк» АҚ ЕБ. Бұған қоса, осы қызмет аясында, 2013 жылдың 30 сәуіріне дейін жеке кәсіпкерлер мен компанияларға арналған шотты ашу тегін болады.
«Альфа-Курьердің» клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған жаңа қызметі тегін болып табылады. Клиенттерге нақты қызмет түрі Алматы және Астана қалаларында көрсетіледі де, біртіндеп Қазақстанның басқа қалаларында да енгізіле береді. «Альфа-Курьер» қазірдің өзінде көптеген бизнесмендердің қызығушылығын оятып, танымал бола бастады.
Енді есепшот ашу үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Банк сайтындағы өтінімді толтырып, байланысу деректерін көрсетудің өзі жеткілікті, бір жұмыс күнінің ішінде банк менеджері клиентке хабарласып, оған қолайлы уақытта келе салады.
Сондай-ақ, менеджер қажетті ақыл-кеңес беріп, мей­лін­ше пайдалы тарифті таңдауға және есепшот ашуға қа­жетті құжаттар легін жинауға қатысты ұсыныстарын ай­­тады.
– Біз шағын және орта бизнестің талап-тілегін тү­­сі­­не­­міз, жақсы білеміз. Уақытты үнемдеуді және қолайлы жағ­­дай туғызуды біз кәсіпкерлерге арналған жаңа қызмет түр­­лерін жасақтау барысында әрдайым есте ұстайтын ма­­ңыз­­ды факторлар санаймыз, – деп атап көрсетті банктің басқарушы директоры Евгений Андриенко, – «Альфа-Курьер­­дің» жаңа қызметінің арқасында бизнесмен есеп айырысу шотын ашуға мейлінше аз уақыт пен күш-жі­­гер жұмсап, барлық мәселе бойынша қосымша кеңес ала­ алады. Біздің шағын және орта бизнеске арналған бас­­қа өнімдеріміз де уақыт үнемдеп, қолайлы жағдай ту­­ғы­­зу­­ға бағытталып отыр. Мәселен, солардың қатарында «Ин­­тернет-банк» сияқты арақашықтықтан қызмет көр­­сетуді, «Альфа-мобайл» сияқты мобильді банкті, шот­­ жөнінде SMS арқылы хабарлайтын «Альфа-Чекті», кор­­поративтік шығындарға арналған «Business» төлем картасын және тағы басқа қызмет түрлерін айтуға болады.
«Альфа-Банк» АҚ-ның ЕБ 1994 жылы Қазақстанда құрылып, халықаралық «Альфа-Банк» банктер тобына енді. Банктің бірден-бір құрылтайшысы ресейлік «Альфа-Банк» ААҚ болып саналады. Қазақстанда банктің өңірлік желісі Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Орал және Петропавл қалаларында бар.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × four =