НАҚ-НАҚ

0 74

Туберкулезге қарсы күрес

23 ақпаннан бастап 23 нау­рыз­­­­­­­­­ға­ дейін Дүниежүзілік ту­­бер­­­ку­лез­ге­ қарсы күрес кү­­­ні­­­не орай, аурудың алдын алу ­­­айлығы өтеді.

Айлық аясында Астана­ қа­ла­­­­сы­­­­­ның Денсаулық сақтау бас­­­­­қар­­­­­­­ма­сы­ Са­лауатты өмір­ сал­­тын қа­­лып­­тастыру орта­­лы­­ғы­мен және туберкулезге қарсы дис­­пан­се­рі­мен бірлесіп, қалалық емханаларда ашық есік күндерін өткізеді.

Инсульттік орталықтар жұмыс істейді

2012 жылдан бері елордада ми­ қан айналымы бұзылуының өт­­кір түріне қарсы күрес жөнінде бағ­­дарлама жүзеге асып келеді.

Астанада 3 инсульттік орталық ашыл­ған. Олар: Алматы ауданы тұрғындарына қызмет көрсететін №1 ауруханада, Сарыарқа ауда­­ны тұр­­ғындарына қызмет көрсететін ор­­талық теміржол ауруха­на­сын­­­­да жә­­не Есіл ауданының тұр­­ғын­­да­­ры­на шұғыл көмек көр­­се­­те­­тін Рес­­­­публикалық ғылыми орта­­лық­­та орналасқан.

Қайырымдылық концерті

Астанадағы «Қазақстан» Ор­­та­лық концерт залында­ қа­­зақ­­­­стандық эстрада жұл­­дыз­­да­­ры­­ның­ қайырымдылық кон­­цер­­ті өтті.

Сатылған билеттен жиналған қар­жыны әншілер төрт жасар Аружан Оразбекованың ем-домына бер­­­ді. Ол остеопороз дертіне шал­­­­­­дық­қан.­ Қа­йы­рым­ды­лық­ кон­­­­­­­­церт­­ті «Нұр Отан»­­ ХДП ­«Жас­ Отан» жастар қа­­на­ты ұйым­­дастырды.

Сансөйлем

2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасы ая­­сында 3 496 пәтерлі 206 мың­ шаршы метр 16 тұрғын үй кешенінің құ­­ры­­лысы қар­­қын­­ды жүр­­гізілуде. Бағ­­дарлама бойынша жалпы кө­­­лемі 230 мың шаршы метр 5 086 пәтердің құ­­­рылысы аяқ­­талды.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five − 4 =