©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Студенттерге арналған сый
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №4 жатақханасында «Студент» әлеуметтік дүкені ашылды. Бұл нысан университет басшылығының тікелей атсалысуының арқасында пайдалануға берілді.
Дүкенде азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері және шаруашылық бұйымдары төмен бағамен сатылатын болады. Мұндағы тауар бағасын студент жастар ұйымдары мен студенттік кәсіподақ өз бақылауында ұстайды.
Көпфункционалды нысандар көбейеді
2017 жылға қарай Астанада Опера және балет театры, Тұңғыш Президенттің кітапханасы мен қоры, Ұлттық мұражай, Ғарыштық зерттеу орталығы, Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университеті, жабық қала, «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені, «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон» және «Фор Сизонс» қонақ үйлері, 5 мың орындық «Жекпе-жек» күрес сарайы, 10 мың орындық «Мұз айдыны» сарайы сынды ғажайып ғимараттардың құрылысы аяқталады.
Рұқсатсыз жарнама жұлынады
Аудан әкімдіктері Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірігіп қала көшелеріндегі рұқсат етілмеген жарнамаларды анықтау іс-шараларын өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізуде.
2012 жылы Алматы ауданының 985 кәсіпкеріне хабарлама қағаздар тапсырылып, ескертулер жасалды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен 630 сыртқы жарнама құрылымы бұзылып, алынды. Ал, Есіл ауданында 220 сыртқы жарнама орнынан алынып тасталған.
Кеше…
Астана қаласы ТЖД спорт кешенінде өткен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің V Қысқы спартакиадасы аяқталды .
Бүгін…
Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағы» атты музыкалық комедиясы қойылады.
Ертең…
Сағат 10.00-де Астана қаласының Темір жол вокзалында және сағат 17.00-де «Мега-Астана» СОО-да мүмкіндігі шектеулі талантты балаларға арналған «Жұлдыз-ай» республикалық фестивалін қолдау мақсатында флешмоп ұйымдастырылады.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ