©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Елбасы Бас мүфтиді құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін жаңа Бас мүфтидің сайлануымен құттықтады.
Сондай-ақ Н.Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің жаңа Бас мүфти Ержан Маямеровтың жұмысына қолдау көрсетіп, жемісті еңбек ететіндеріне сенім білдірді.
«ПАРЫЗ 2013» басталды
Республикада «ПАРЫЗ 2013» - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы басталды.
Оның мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру.
Нан өндірісі ұлғайды
Биылғы жылдың қаңтар айында елордада нан өндіру 11,7 %-ға ұлғайып, сондай-ақ, 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда макарон өндірісінің көлемі 1,8 есе өсіп отыр.
Сонымен қатар, Астанада ірімшік пен сүзбе дайындау (5,9%-ға), ірі тартылған ұн (6%-ға), торт пен кондитер бұйымдары (6,9%-ға), шұжық өнімдері (33,0%-ға) азайған.
ХҚКО сапасы артты
2012 жылдың қазан айында «Астана су арнасы» МКК-да бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтті.
Олардың қатарында әкімшілік-тұрмыстық корпус, апаттық-диспетчерлік бөлім және халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Соның ішінде, көпшіліктің көңілінен шығып тұрғаны – халыққа қызмет көрсету орталығы. Бүгінге дейін бұл орталыққа бас сұққан қала тұрғыны бір жұмысты бітіру үшін бірнеше есікті қағуға мәжбүр болатын. Ал, күрделі жөндеуден кейін орталық жұмысы «бір терезе» жүйесіне ауысты.
Кеше…
ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал қазақстандық кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі ашылды.
Бүгін…
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылады.
Ертең…
«Қазақстан» концерт залында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтеді.
Сансөйлем
Соңғы жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 35 165 адамға өсті. Осыған байланысты биылғы жылдың басында елорда тұрғындарының жалпы саны 770 423 адамға жетті.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ