НАҚ-НАҚ

0 94

Елбасы Бас мүфтиді құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ Қа­­­зақ­стан­ мұ­сыл­ман­да­ры­ ді­ни­ бас­­­­­қармасының өкілдерін жаңа Бас мүфтидің сайлануымен құт­­тық­­тады.

Сондай-ақ Н.Назарбаев Қа­­зақ­­стан мұсылмандары діни бас­­­қар­ма­­сы өкілдерінің жаңа Бас­ мүфти Ер­­жан Маямеровтың жұ­­мысына қол­­дау көрсетіп, жемісті еңбек ете­­­тіндеріне сенім білдірді.

«ПАРЫЗ 2013» басталды

Республикада «ПАРЫЗ 2013» -­ бизнестің әлеуметтік жа­уап­­­кер­­ші­­лігі байқауы басталды.

Оның мақсаты – жеке кә­сіп­­кер­­лік субъектілерін әлеу­мет­­­тік мә­се­лелерді шешуге жұ­­мыл­дыру.

 

Нан өндірісі ұлғайды

Биылғы жылдың қаңтар айын­да елордада нан өндіру 11,7 %­-ға ұлғайып, сондай-ақ, 2012­ жыл­дың қаңтарымен са­­лыс­­­тырғанда макарон өн­­ді­рісі­нің­ көлемі 1,8 есе өсіп отыр.

Сонымен қатар, Астанада ірім­шік­­ пен сүзбе дайындау (5,9%-ға), ірі тартылған ұн (6%-ға), торт пен­ кондитер бұйымдары (6,9%-ға), шұжық өнімдері (33,0%-ға) азай­­ған.

ХҚКО сапасы артты

2012 жылдың қазан айында «Астана су арнасы» МКК-да бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтті.

Олардың қатарында әкімшілік-тұрмыстық корпус, апаттық-дис­пет­черлік бөлім және халыққа қыз­мет көрсету орталығы бар. Со­ның ішінде, көпшіліктің кө­ңі­лі­­нен шығып тұрғаны – халыққа қыз­мет көрсету орталығы. Бүгінге де­йін бұл орталыққа бас сұққан қа­ла тұрғыны бір жұмысты бітіру үшін бірнеше есікті қағуға мәжбүр бо­латын. Ал, күрделі жөндеуден ке­йін орталық жұмысы «бір тере­зе»­ жүйесіне ауысты.

 Кеше…

ҚР Тұңғыш Президенті мұра­жа­й­ында танымал қазақстандық кес­­­кін­­­демеші Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі ашыл­ды.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­­лекеттік академиялық қазақ му­зы­­калық-драма театрында У.Шек­с­пир­дің «Гамлет» трагедиясы қо­­­­йы­лады.

Ертең…

«Қазақстан» концерт залында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жас­тар қанатының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтеді.

Сансөйлем

Соңғы жылы Астана қаласы тұр­ғын­дарының саны 35 165 адамға өсті. Осыған байланысты биылғы жылдың ба­сында елорда тұрғындарының жалпы саны  770 423 адамға жетті.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =