©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Аялдамадағы анықтама
Астананың бірнеше автобус аялдамаларына карта-сызбалар ілінді. Бұл сызба-карта — қала тұрғындары мен қонақтарының қалада еркін-жүріп тұрып, автобус бағдарын бақылап отыруы-на мүмкіндік береді.
Мұнда аялдамадан өтетін автобус нөмірлері мен әр автобустың бағыты бір түсте берілген. Бұл карта-сызбаларды әзірге «Конгресс-холл», «Жәнібек тархан», «Амангелді Иманов» аялдамаларынан кездестіресіз.
Халықаралық турнир басталды
Астанадағы «Алау» спорт кешенінде киокушинкай каратэден «ТМД кубогы» VI Халықаралық турнирі басталды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар, қыздар, әйелдер және ерлер арасындағы додаға Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның 250 спортшысы қатысуда. Олар 28 жиынтық медальды өзара сарапқа салады.
Өрт болды
16 ақпанда 10 сағат 52 минутта «Еуразия-2» сау-да үйінің 2-қабатындағы №6 дүңгіршекте халық тұтынатын тауарлар өртенді.
Өрт сөндіру бөлімдері келгенше сауда үйінің әкімшілігі 50 адамды көшірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Кеше…
Л.Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университетінде «Ғылым-Индустрия-Инновация. Өнеркәсіптің ғылыми міндеттерін инновация арқылы шешу. «Энергия тиімділігін арттыру» тақырыбында республикалық ғылыми-техникалық кеңес өтті.
Бүгін…
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Е.Хушвақтовтың «Қызыл алма» лирикалық комедиясы қойылады.
Ертең…
ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында белгілі кескіндемеші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
Еркежан СӘТІМБЕК, Ербол ЖАНАТ