«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Намыс пен рух серпілді

0 21

Қазақстан мен Ресей басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омск қаласында өткен форум барысында алдағы жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын атап өтуге қатысты әңгімелесті. Бұл датаға орай жер-жерлерде дайындық шаралары да басталды.Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» мекемесі Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына орай «Намыс пен Рух» рухани-патриоттық іс-шара өткізді.
Ұлы Отан соғысының батырына арналған іс-шара елордадағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші алдында гүл қою мен тағ­зым етуден басталды. Ардагер ұрпақ пен зиялы қауым өкілдері, жастар қатысқан рухани-патриот­тық шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.«Рақымжан ­Қошқарбаевтың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Бүгінгі шараны өткізудегі мақсатымыз да – осы Рақымжан Қошқарбаевтың сұрапыл соғыста көрсеткен өшпес ерлігі мен Рейхстагқа Жеңіс туын тіккенін жастарға тағы бір мәрте жеткізу, жас ұрпақ батыр бабаларын білуі керек. Бұл бағыттағы жұмысымыз алдағы уақытта да жалғаса береді» деді Бақтияр Мәкен.
Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылғаннан кейін қатысушылар Оқушылар сарайында ұйым­дастырылған рухани тағылымды кешке жиналды. Мұнда соғыс жылдарында ерен ерлік көрсетіп, қайтпас қайсарлық танытқан батырлар туралы театр әртістері сахналық қойылым көрсетіп, өнерпаздар мен мектеп оқушылары патриоттық әндерді шырқап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар көпшілік назарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер өшпес ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін айшықтаған бейнефильм көрсетілді.
«Руханият» мекемесі ұйымдастырған іс-шара барысында жастардың намысы мен рухы бір серпілгенін аңғардық.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды