Надежда ЛУШНИКОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері: ӘЛІ КҮНГЕ ҚАЗАҚТЫҢ АЛАҚАНЫНДАМЫН

0 581

Қазақтың ибалы, инабатты, қайсар мінезді, тәрбиелі келінінің үлгісін танытқан орыс қы­зы­ бүгін жетпісті де бағындырып,айналасына ақыл айтар әжеге айналып отыр. Бір кездері ду­алы жырларымен талай додада топ жарған ақын апаны Ас­та­наға бір сапарында әң­гі­ме­ге тартқанбыз. Әдеттегідей ақ дастарханын жайып, ақ­тарылып сала берді…

Жамбыл атаның алмасы

– Сіздің кеседей құр­ты­ңыз­ды­ кө­ріп, есіме тү­сіп­ отыр­ға­­­­ны… «Жам­был­ атам­ның­ қо­­­­­лы­нан­ қып­­-қы­зыл­ алма же­­ген­­­­мін»­ де­ген сө­зі­ңізді құ­­ла­ғы­­­мыз­­ шал­ған. Әң­­гіме төр­­кі­нін­ абыз­ ата­дан бас­­та­са­­­ңыз…­­

– Иә, иә. Ол менің кішкене ке­­зім ғой.­ Күз бе, көктем бе… Әй­­теуір, біз­де Едіге батыр деген­ өт­­кен. Сол Едіге батырдың Ша­ма­­тай­ деген қызы болды біздің ау­ыл­да. Ерекше жан еді. Қол диір­­менді тарты-ы-ып отырып, өл­ең­ құрайтын. Айтысқа түс­кен кі­­сі екен. Соғыстың ар жақ, бер жа­­ғында жыр додаларын­да­ жар­қы­­­ра­ған­ адам. Ол шақ «Жұл­дыз қа­шан туады, шешем қашан ке­ледінің» кері еді ғой. Содан, әл­гі­ апаның Әлкемай деген қызы бар­­ еді, менімен қатар, бірге оқи­­тын­­быз. Мен қырқыншы жы­лы­ ту­дым ғой. Жәкең қырық бес­тің­ жа­зын­да­ қайт­ты.­ Бір күні Әл­ке­май­ екеу­­міз­ді­ апасы ертіп бар­ды­ ата­ға.­ Ба­­ла­­ ­– ес­ті­ ғой, әсі­­ре­се,­ сол­ кез­дің­ ба­­ла­лары ес­­ті.­­ Мә­се­лен,­ ше­ше­лер­ сал­­­ған­ ән­­дер­ді,­ же­сір­лер­дің ­зар­лы­­ жыр­­ла­­рын­ түгел жатқа білем. Се­бе­бі,­ бас­­қа алданатын ештеңе жоқ:­ ки­­но жоқ, теледидар жоқ, ес­ті­ге­­­­ні­­­­­міз­­­­ді­­­ қа­ғып аламыз.
Жамбыл атаға біраз жол жү­ріп,­ тауды қиялап бардық. Біздің Бі­­рін­­ші­ май ауылы (қазір Бекболат ба­­тырдың атын алған ауыл) мен Жам­был ауылының арасы он­ бес-жи­ыр­ма­ шақырымдай. Жа­ңа киіз үй­­ құрылған, ақ шаң­қан тө­сек­те ақ­­ дамбал, көй­ле­гі­мен­ ата жатыр, сақалы жел­бі­ре­ген.­ Ба­­сында кіш­кене тақиясы бар.­ Әл­кемай кір­меді де, мен апа­сы­­нан­­ қалмай та­бал­ды­рық­ты­ ат­та­­дым.­­

– Атаның Жамбыл екенін біл­­­мей­сіз ғой?..

– Білмеймін ғой, баламын. Ә­ де­­­ген­­нен­ алманың иісі бұрқ ете­ түс­ті.­ Былай қарасам, үлкен кі­­сі­­­нің­­­ бас жағы толған алма екен.­ Сә­­­лем­де­се­ кі­р­гендердің қо­лына ұс­­­­та­­­та­­­тын­ бо­луы керек. Ша­ма­тай­­ апаны та­ны­­ды. Амандасты. Ма­­­ған­­­ қа­­рап,­­ «Қы­зың ба?» де­­­ді.­­­ «Қы­зым­ ғой» ­де­­ді­­ ­апа.­ «Ой­­­­пыр­­­­­май,­­­ кө­зі­нің­ тұз­­­дай­­­лы­­ғы­­­ са­ған тартқан екен» де­ді. Ал Ша­ма­тай­дың ­атасы Едіге ба­тыр қал­мақ екен, шамасы, көзі тұз­дай­ болу керек… Ата маған да бір­­ алмасын берді. Әлкемай жеп қоя­­­тын­­дай,­ тәт­ті­сі­не­ құ­шыр­ла­нып­­ жеп­ ал­дым.

– Надежда апа, атыңыз да­ – орыс, қаныңыз да – орыс. Бі­­­рақ,­ тіліңіз бен жүрегіңіздің та­­­за­ қа­зақ­ екеніне күмән жоқ. Қа­­­­зақ­­­­ты­­ қа­зақтан артық сүй­­е­сіз. Қа­зақ ті­лі­нің­ тұ­ны­ғы­­нан­ әу­ бас­та қалай су­сын­да­­­ды­ңыз?­

– …Мен төрт үйлі орыстың жал­­­ғы­зымын ғой.

– Мұны қалай түсінеміз, апа?

– Бабушкам бар, дедушкам бар­,­ те­тям бар, дядям бар, өзім­нің­­ шешем бар. Соның бә­рінің жал­­­ғыз­ ба­­ла­сы­мын.­ Со­ғыс­ жыл­­­да­­­­р­ын­да­ ту­­ған басқа еш­кім жоқ­­­ от­­­басым­да.­ Әкем май­данға ат­­тан­­­ды­ да, орал­ма­ды.­ Сөйтіп, ал­­­­ғаш­­­қы­­ сы­нып­­қа қазақ мек­те­бі­­­­не­ бардым ғой.­ Себебі, басқа мек­­теп жоқ. Кей­ін Қас­ке­лең­де­­­гі интернатқа кет­тім. Одан Қы­­­зыл­­ор­­да­да­ғы­ пе­д­­­у­чи­­лищ­­ені­­ бі­тірдім. Сол Қы­зыл­­ор­­да­­да­­ өлең­ жолын бастадым. Өйт­­­ке­ні,­ Сыр­дың­ топырағында аунап­ жү­ріп, қа­зақ тілінің қай­ма­ғын қал­қы­мау,­ ұғынбау, қазаққа ғашық бол­­мау­ мүмкін емес.

Тоқмағанбетов өлең­нің­­ өрнегін тоқытқан

– Сыр бойындағы жыл­да­ры­­ңыз­­ды­­ қы­­зыл­­ор­­да­­лық­тар­ мақ­тан тұтады. Айтысқа да тұң­­ғыш­ мәр­те­ сон­да­ түстіңіз. Сіз­ді сол айтысқа тәрбиелеген Ас­қар­ Тоқмағанбетов кө­рі­не­ді.­ Ақынмен бірге бол­ған жыл­да­рыңыздан сыр тарт­са­ңыз.­

– Ай-хай, дәурен десейші!.. Мен­ сол кісілерге таң қаламын. Әл­де соғыс жылдарында ту­ған­­­­дар аз бол­ғаннан кейін бе… Мы­­­салы, біз­дің заманымызда­ кө­­­­шеде бала бұ­зық­тық­ жа­сай­ ­қал­са,­ соған үлкен кі­сі­лер­ тоқ­тап,­ «Мы­нау­ың не, кім­нің­ ба­ла­сы­­сың?­ Пәленнің баласы мұндай бо­луы­ мүмкін емес қой. Сенің әкең қандай еді, атаң қандай еді?!» деп кететін. Қоян екеш, қоя­н­ да бауырмал көрінеді: жы­­лап­ отыр­ған көжекті көрген кез­­ кел­ген ана қоян емізіп кетеді екен.­ Міне, не деген жарастық, ту­ыс­­тық, көзі ашық­тық!­ Бүгін де­ со­­лай болуы ке­рек­ қой. Асқар То­қ­­­ма­ған­бетов сон­дай.­

Ле­­нин­нің тоқсан жылдығы бо­­лу­­­­ ­ке­рек, «Тұңғыш сөзім» де­ген­­ өлең жаздым. Оқып беріп ем,­ «Біз­­ сәр­сен­бі­ сай­ын жас ақын­­дар­­ды­ жинаймыз, сен кел» де­ді аға.­­ «Басқа өлеңім жоқ» деуге­ ұял­­дым. Бірақ, ба­рымды бір­ дәп­тер­­ге жазып, сәр­сенбіде бар­дым ғой­. Сөйт­сем, кә­дімгідей тө­селіп қал­­ған­ ақын­дар­дың­ ортасы.­ Ме­­нің өлеңім бас­қа, олар­ді­кі­ бас­қа сия­қ­­ты.­ «Өлең­ оқи­сың ба?» де­­ді. «Жоқ, оқы­­май­-ақ қояйын бұл­­ жолы» де­дім.­ Ақын­­дарды шы­­­ға­рып салған соң, Асе­кең ме­­нің шы­ғар­ма­ла­рым­ды­ қа­рап шық­ты. Сөйтті де, буын не, бу­нақ­­ не, бәрін үйретті. Потанин ай­­­тады ғой: «Қазақтың бүкіл да­­­ла­­­сы­ ән салып тұрғандай» деп.­ Алайда, буын саны кеміп қал­са,­ ән­ де­ болмай қалады… Со­­­­дан­, ақын­­­дар­­дың­ бас­қо­суы­на ­ыл­­­­ғи­ ба­рып­ тұр­дым. Оқу орнын бі­­­­ті­ріп, Сыр­да­рия аудандық ком­сомол ко­митетінің секре­та­ры­­ болсам да,­ жыр додасынан қа­л­ма­дым. Бірте-бірте «ақын қыз» ата­нып­ қалдым.

Асекеңнің анда-санда сөзін ұй­қас­­тырып сөйлейтіні бар еді. Ол кісі бір шумақ ұйқастырса, мен бес­­­ шумақпен жауап қатам. Сонда айтатыны ғой: «Ойпырма-а-ай, адам топырағына тартпай ту­­май­ды­ екен!» деп. Сөйтсем, Сүй­ін­бай,­ Жам­былдар жырлатып, ду­ман­дат­қан­ өңірде туған екем ғой.

1962 жылы алғаш рет Қы­зыл­ор­­да­да өткен айтысқа түстім. 1964 жылы өлкелік айтыс өтті. Бау­кең (Бауыржан Момышұлы) ал­тын сағатын тағып беретіні сон­да ғой.­ «Алмайды Надежда жа­ман са­ға­тың­ды, еркектің са­ғат­ын, – деді ғой. – Мә, менің са­­ға­тымды ала тұр, Надежда!» Со­сын үзілісте бас­қа алтын са­ғат­­­­ сатып әкеліп, «На­деж­да,­ ше­­­­бер­­лі­гің­ үшін» деп жаз­­ды­рып,­­ ­білегіме тақты ғой. Төр­­де­ аса­балық­ жасап отырған Әбділ­­да Тә­­жібаев еді, оған ренжіді. «Се­нің тіліңді білмейтін өзге ұлт то­лып жүр. Бірақ, жүрегінен жыр тө­­гіліп, анау мұртты шалыңды же­ңіп,­ озған қаршадай орыс қыз­­ды ба­ға­лауымыз керек» деді.

– Мұртты шал кім болды екен?­­

– Тастан Жолдасов қой. Ол кез­­­­­де жігіттер жоқ. Кіл шалдар ай­­­ты­сады. Мен сол шалдармен­ ай­­­ты­­сып­пын ғой. Алпыс­тан­ ас­­­қан­нан кейін ғана кіл жіг­іт­тер­­мен айтыстым. Әй,­ кү­лем-ау, ма­­ған кері келді ғой бәрі! Әлгі әң­­г­імемді жалғайын… Сонда Бау­­­кеңмен Әбділда ақынның бір­-біріне сөз қайтарғанына, сөзге кел­геніне куә болдым. Біреуі зал­­да, біреуі төрде. Әбділда аға айт­­­ты: «Сонау ескіде, жазу-сы­зуы­­ жоқ за­манда туған ай­тыс­тың­ бү­гін ке­регі бар ма осы? Үзі­ліп­ қал­ған дү­ние сол күйі қала бер­сін.­ Қазір кі­тап шы­ға­ру­ға, жаз­ға­ның­­ды жұрт­қа жет­кізуге барлық жағ­­дай жа­сал­ған» деп. «Сен олай деме, анау­ жақ­та өнер­дің­ бас­­­тауы бар, қай­на­ры­­ бар. Егер сол­­ өнер осында қай­нап жат­са, он­­да бұл өнер қа­­зақ­­тан­ өз­геде жоқ­ болғаны. Жал­ғасын та­бу ке­­­рек! Надежда дом­бы­ра­сын­ да­­­ тас­тамайды, өле­ңін де жа­за­ды,­­­ кі­та­бын да шы­ға­ра­ды. Қам жеме!» де­ді Баукең.

Баукеңнің өсиеті

– Баһадүр Баукеңмен екі­нің­ бі­­рінің батылы тартып, тіл­ та­бы­са алмаған ғой. «Аңыз­ бен­ ақи­­қатты» жазған Әзіл­хан­ Нұр­шай­ықовтың да бас кей­­іп­керін сом­дау үшін Бау­ке­­ңе­ бірнеше рет­ қадам жасап­ ба­рып, әң­гі­ме­­лес­кен­ екен.­ Жо­ға­рыдағы уа­қи­ға­дан­ кей­ін ­ба­­­­тыр­­мен­ ете­не­ ­ара­­ла­са­ ал­ды­­ңыз­­ ба?

– Баукеңмен кейіннен дос бол­­­дық.­ «Жазушы» баспасын­да­ жүр­­генімде екі томдық кітабы шық­­ты. Қолтаңбасын қой­ып, сый­­ға­ тартты. Басқа да ес­те­лік­те­рі­ қал­ды. Ол кезде кітап шы­ға­­ру­дың­ машақаты көп болатын еді­ ғой. Қаріптер қор­ға­сын­мен­­ те­рі­ле­ді.­ Баспа бас­шы­лы­ғы­ Бау­кең­­нің­ кітабының жиырма бес бе­­ті­не­ жүз елу сомнан қояды қай­­та­ басуға, ал басқалардікіне үш­ жүзден қояды. Оған батыр келіспей, ашуланады ғой. «Крахаворлар, не істесе, оны істесін! Керегі жоқ маған ақшасының, шы­­ға­р­­са,­­ шығарсын, шығармаса, қой­сын!» деп, кетіп қалады. Со­­сын­ Амантай Байтанаев де­ген­­­ бас­тығымыз «Надежда, сен бар­­­шы­ ағаңның артынан. Тілін та­бар­сың,­ сені «қызым» дей­ді­ ғой»­ деді. Ол кезде қазіргі Тө­ле­­би­-Фурманов көшелерінің қи­­ы­лы­сын­да­ғы­ үйде тұратын еді­­ Баукең. Кіріп барсам, «Әй­лә­­вию, әйләвию» деп, коньягы­нан­ жұтып қойып, әндетіп отыр екен дәлізінде. «Ах, крахаворлар, менің осал жерімді біледі, ә,­­ Надежда! Сені жіберді ме қол­­ қойсын деп? Мейлі, енді, өз­­дері білсін! Жүр, мен үйімді та­­ныс­­ты­­рай­­ын!»­­ де­ді­ жу­ан ­дау­сы­мен­ екпіндетіп, бір есікті аш­ты.­ Қақ ортада бір төсек тұр,­­ басқа ештеңе жоқ. Едені де­­ жалаңаш. «Мынау – жеңгең екеу­­міз жататын төсек» деді. Одан ары тағы бір есікті ашты Бір үстел мен орындық тұр­.­ Үстелдің ай­на­ласының бәрі қа­ғаз, бума-бума газет, кітап, шашылып жатыр. Арасында ой­дым-ойдым еден көрінеді. Ат­тап-пұттап арғы басына кетті ағам. Артынан етегімді көтеріп алып, әр жерден бір басып, мен­ де аттадым. «Мынаның ішін­ жи­нағанда, бір қағазым ау­ы­са­­­тын болса, бәрі менен таяқ жейді» деді. Тағы бір есікті ашып қалсақ, ар жағында жеңгей та­мақ істеп жатыр екен. «Не істеп жатырсың?» деді. Жең­­ге­міз­­ «пельмен» деп еді, ма­ған­ бұ­­­ры­­­лып,­­ «пельмен жейсің бе?» деді. «Жоқ, аға» дедім. Со­сын «әй­­ләвию, әйләвию» деп қай­­та ән­­дете шығып, қол қойып бер­­ді.
Баукеңнің «Надежда, бір сө­­зім­­ есіңде жүрсін, өзге қазақ өзі бі­леді. Иі қанбаған қамырды ет­­­ке­ салма» деп айтқаны бар еді.­­ Ба­тыр­дың өсиеті іспеттес бұл­ сөз әлі күнге санамда сайрап тұ­­ра­ды.­

Әуезовтің алдында өлең оқыдым

– Алғашқы жырларымның бі­рін­­ Әуезовтің алдында оқыдым. Ас­қар­ Тоқмағанбетов «пленум бо­­ла­ды» ­деді. Ондағы шыбын-шір­­кей шырылдады, шыбығым көр­­кей­ді­ деген сықылды ау­ыл­дың өлеңдері ғой. Не бол­ма­са, «айға қарап айтқан, қай­те­сің ме­нің ойым­ды» деген өлең­дерім енді. 1961 жылдың сәу­ірі ғой. Әуезов төрде отыр екен. Мен өлеңімді оқыдым. Ол кі­сі­­­ риза болып, әдебиет, өнер инс­­ти­­ту­ты­ның­ бастығы, ғалым Мү­­сілім Базарбаевты жіберіп, ме­ні алдырды қасына. Отырып ем,­­ қызық кісі екен, ақырын ға­­на қарады да «қар­лы­ғаштай ға­на, кішкентай орыс жүрегің қа­­­лайша мұндай сөз­дерді тауып ай­­тып жатыр, ә?» деп ­күлді.
Содан бір айдан соң Мұхаң қай­­­тыс­ болды ғой…

Ақын айтты дегенше…

– «Бүгінгі айтыс ақын­да­ры­­ның сөзінің салмағы же­ңіл­­­деп кетті» деген пікірді жиі­­­ естиміз. Кешегі ақындар қан­­­дай­ еді?

– Жалпы, айтыстың сипаты өз­­ге­ріп­ кетті. Бұрын халықтың сер­мегенде қолы жетпегенін, айт­қанда тілі жетпегенін ақын ай­тып, жеткізіп, жеңіп беретін. Мә­селен, Қорқыттың моласы са­лын­бай, көп жылдар мәселе бо­лып­­ көтеріліп, сәтін таппай кел­ген. Құдай менің аузыма салып, кесенесі тұрғызылды. Бір додада Сырдария ауданының аты­нан­ Шиелінің жігітімен айтыс­тым. Ол­ ә дегеннен мақтанды келіп, «Біз­­де жүзім де өседі, өрік те өсе­­ді, қызанақ та, өседі, бәрі өсе­ді.­ Сендерде не бар? Қу дала­да­ отыр­­­сыңдар» деп. Сөйтіп мұ­қат­­­қанда айтқаным ғой:

…Нартайдың жыры шалқыған,
Оты жүрек шарпыған.
Алатаудай ақынға,
Ескерткіш жоқ, мақұл ма?!
Жермен-жексен бейіті,
Қарайып тұр тақырда.

Жергілікті басшылық сөзге тоқтап, іс тындырды. Әйтпесе, Нартайдың моласы қайда қал­ға­нын­ білмей қалған жұрт. Бейіті жөн­деліп, театрға аты берілді…

Ал бүгінгі ақындар нені айтады? Қазір ауылдағы ағайындар жал­ғыз сиырын үш шақырым жердегі жота-белге өрістетеді. Ма­­ңай­да­ғы­ жердің бәрі саты­лып кеткен. Жекеменшік. Бірақ, сол жердің иесі оның басына бармайды. Ал, мал түссе, иесінен ақ­­­ша сұрайды немесе арақ ал­ды­ра­ды.­ Бұл дұрыс па, бүкіл жер­ді та­ратып бергені. Ел үйінің жа­­­нын­­­­да­­­ғы­­ ­төбеге бір қозысын жая­ ал­­ма­са,­ өзі шығып отыра ал­ма­са.­

Балғабек Қыдырбекұлы аға­мыз­ депутат кезінде «Бауыр­ла­ры­ма хат» деп, жер сатылмауын жа­зып еді. Қазір мал жоқ қой. Жу­­ырда ауыл шаруашылығы ми­нис­­­тріне «сіздің тізіміңізде пә­лен­ мал тұр ғой» десе, «тұ­ру­­ын тұр­ ғой, өрісте бар-жоғын біл­мей­­­мін» дейді. Колхоз, совхоз­ құ­­­ры­ды да, мал да құрыды. Бұ­рын­­ кешенді шаруашылық бола­тын.­­ Тіпті, Алматыны сүтпен шо­­мыл­­ды­­ратын.

Малсыз қазақ – қазақ па, ша­ңы­р­ағына келген қонақтың ал­ды­на қойдың басын тартпаса?!­ Қа­зір менің үйіме ға­рыш­кер­ Тал­­­ғат­ кел­се­ де,­ ша­лым­ көп­­ ара­­лас­­қан­ Мұсабаевты ай­там,­ то­­­­­­ңа­­­зыт­­­қы­­шым­­да­­ не бар, со­ны­­ асып­ берем. Оған еш­теңе де­мей­ді.­­ Бұрын сондай аза­мат­тарға мал­ сойылып, бата сұ­ралмаса қан­дай ұят еді? Міне, қазақ со­­дан қалып барады ғой, тілді бы­­­­лай қойғанда! Осыны­ бү­гін­гі­ ақын­­дар­ айта алмай келеді. Әри­­не, ақындарды айып­тауға бол­­майды. Сөздері тотияйындай, тіл­дері жүй­рік жастар көп: мысалы, Аман­жолды айт, Ай­нұр­ды­ айт,­ бәрі жылы-жұмсақ жы­рымен, әй­теуір, халықтың мұ­ңын сы­лап-си­пап, жанын жы­лы­тып өте­ді.

Ақынның айтқанына жо­ға­ры­да­­­ғылар мойын бұруы тиіс қой. Өйткені, халықтың арасын­да­ отырмыз, жұрттың немен ты­ныс­­тап, не ойлап отырғанын біз­ білеміз.

– Жаңа тіл деп қалдыңыз…

– Ә-ә-ә, тіл деген өзекті отқа орап­ тұр ғой…

Біз батар күннің қызылындай болып қалдық. Біздің заманда жоқ дүниелер қазір көп. Баса қал­саң, Мұқағалидың жырларын­ айта жөнелетін құралдар, қазақы ұғымдарды сайрай кететін, үй­ре­тетін плакаттар шы­ғып жа­тыр. Бі­рақ, солардың ба­ла­бақ­ша­­лар­­­да,­ бастауыш мектептерде бірі­ жоқ. Аталар өліп қал­май ма,­­­ жырлары, өлеңдері, жаз­ған­-сыз­ғандары ел аузынан, ба­ла­лар­­дың тілінен түсіп қалса?.. Ба­ла қазақтың тілін, иісін сезіп өсу­ керек. Өйтпесе, ол түкті де біл­­­мей өседі, ұлтты да, елді де, жер­­­ді де!..

Шәмшіні түнімен шырқаттық

– Соңғы сауалым, апа. Шәм­ші­ні қаншалықты танисыз? Бір әңгімелеріңізде Сыр бойын­да­ бірге сайран құр­ған­да­ры­ңыз­ды­ айтыпсыз.

– Иә, Шәмшіні көрдім ғой. Бір­ге­ қыдырдық та. Комсомол сый­лығының лауреаттары болып, Татарстанды, Мәскеуді ша­р­­­ла­­дық.­ Ол кезде Шәмшінің «Сыр­ сұлуы», «Арыс жа­ға­сын­да»,­ «Каспийдің тол­қын­­­­да­ры» әндері жаңа тарап жат­­­­қан. Сол әндерді бір естіп, бір­­­­ естімей жүргенбіз.

Комсомолда хатшымын ғой. Қы­­зыл­орданың бір үйін жал­да­­­­дық.­­­ Бас­қа­ үй­лер­дің бар жақ­­сы­­ кілемдерін әкеп тұт­тық.­­ Дас­­тарханды тағамға тол­тыр­дық.­­ Сөйтіп, сонда са­парда жүр­­ген Шәмші мен Мұх­тар­ды­ ша­­қырдық. Жаңағы ән­дер­ді тү­ні­мен неше қайтара айт­қыз­дық.­­­ Сонда, біздің тұ­сы­мыз­да­ғы­ адам­дардың өнерге деген та­за­лы­­ғы, өмірге деген тазалығы, ақ­­шаға деген тазалығы керемет еді.­

– Ауылда сексендегі шешем­ бар­,­ енді ес біліп қалған ке­зі­­­­­міз­­­де­­ сіз­ді­ те­леди­дар­дан ­сол­­­­­ ше­шем таныстырған еді. «Мы­­­­­нау­ На­деж­да­ деген апаң ­қа­­­­­­­зақ­­­­ша­­ға­­ қандай судай» дей­­­тін.­­­­

– Айхай, шіркін!.. Сол ғой, сол! Әлі күнге қазақтың ала­қа­нын­да­мын.­ Қазір далаға шыға қалсам, үл­кен түгілі, кішкенелердің өзі­ танып, амандық-саулық сұ­ра­са­ды.­ Маған бұдан басқа ор­ден­нің­ де, медальдің де ке­ре­гі жоқ.­ Анау министр бала сұ­рай­ды,­­ Дар­­хан:­ «Сіздің қан­дай­ на­­г­ра­­­да­­­­­ла­­­­ры­­­ңыз­­ бар­?»­ деп.­­ «Өт­­­кен­ жи­ыр­­ма­­ жылдың онын­­шы­­ жы­лын­­да­­ болу керек, «Қа­зақ­с­тан­ға­­­ еңбегі сіңген қай­рат­кер»­ де­­­ген­ді­ алдым» дей­мін­ ғой. «Ор­­­ден­ жоқ па еді?» дей­ді таң қа­­лып.­ «Орден жоқ, – де­дім, – бі­рақ,­ көшеде үлкені де, жа­сы да­ жа­ны қалмайды, құрақ ұша­ды, бе­­­тім­­нен­ сүйеді. Мен үшін­ үлкен ор­­­ден­­ сол».­
Құдай жамандықтан сақтасын, қай үйге барсам да, «Надежда ке­лініміз» деп, төрге шығарады. Қа­­зақ­ асы­рай­ды ­мені, өлсем кө­­­­ме­­ді.­­ Сол таза қалпымызбен ке­­­ле­­міз.­ Адам баласына залалым­ жоқ.­ «Таспен ұрғанды аспен ұр»­ де­­ген­ ниеттеміз. Әсіресе, Бау­кең­­­нің «Иі қанбаған қамырды ет­­­ке­ салма» деген сөзін ту етіп ке­­­лем.­ Сол кісілер ғой менімен се­­ні жалғап отырған.

– Әңгімеңізге рахмет, апа!

Асхат РАЙҚҰЛ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 4 =