«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Нью-Йоркте қазақ әні шырқалды

0 78

Нью-Йорктегі Карнеги-холлда өткен Viva Music Carnegie Hall байқауына Қазақстан атынан қатысқан эстрада және джаз әншісі Гүлзар Ғабдрахман бірінші орынды иеленді.

291018218_1493533614415027_856195532834757749_n

Нью-Йорк төрінде шымылдық түрген бірнеше кезеңнен тұрған халықаралық байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған әншілер өнер көрсетті. Гүлзар Ғабдрахман бұл байқауда «Дударай» әнін шырқады.

Талантты да, талапты қазақ әншісі – Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің түлегі. Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының магистратурасын да  бітірді. Ресей астанасында ол белгілі әнші, Ресей халық әртісі Лариса Долинаның шеберханасын аяқтады.

Өнер Гүлзардың бойына ата қанымен дарыған. Атасы Игілік Омаров қазаққа аты мәлім әнші еді. Бірақ түбегейлі өнер жолын қумай, туған ауылында талай жыл мұғалім болды. Гүлзар да бастапқыда әнші боламын деп ойламады. Ақпараттандыру және журналист мамандықтарын меңгерді. Алайда өнерге құштарлығы жеңіп, осы жолға түсті. Табыссыз емес. Осы күнге дейін көптеген республикалық және халық­аралық байқауларға қатысты. Үш жыл бұрын Лондонда өткен «Альбион жұлдыздары-2019» халықаралық байқауында халық әні «Япурайды» орындап, бас жүлдені иеленді.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды