Мыңнан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды

0 13

Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзған 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.«Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарып жүр. Мобильді топтар, полицияның жаяу жасағы жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдай дрон арқылы қадағаланып жатыр. Төтенше жағдай режимін бұзған 2700-ден астам азамат әкімшілік жауапқа тартылды. 200-ге жуық адам қамауға алынып, 1800-ден астам адамға айыппұл салынды» делінген хабарламада.
«Карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Тәртіп бұзушылар қатаң жауапкершілікке тартылады. Қалада себепсіз қатынаған тұрғындардың көлігін айыппұл тұрағына, ал істі сотқа жібереміз. Полиция қызметкерлері аулаларды да тексеруде. Адамдарға көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Індетті жұқтыру қаупі әлі де бар. Өздеріңіздің және біздің уақытымызды зая кетірмеңіздер! Барлық шаралар сіздердің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды» деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =