«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Музыкант жолы

0 54

Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы үлкен залында университет доценті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты Нығметолла Кәрімовтің 70 жас мерейтойына арналған «Менің музыкадағы жолым» атты концерт өтті.

0L5A8636

Қазақстанның Еңбек Ері, халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева кеш иесін мерейтойымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Нығметолла Кәрімов – қазіргі Қазақстанның альт мектебінің негізін қалаушы. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында профессор Яков Фудиманнан, Мәскеуде П.Чайковский атындағы консерваторияда профессор Федор Дружининнан оқыды.

Концертке оның дарынды студенттері мен әріптестері Сәуле Тұякова, Анатолий Якушкин, Сәбит Дайыров, Бақытжан Жантұрғанов, Гүлнар Тілеугабылова, Дияр Касенов, Мақпал Бекмағамбетова, Асқар Мұқанов, Ахатовтар отбасы, ұлы Тайыр Кәрімов және т. б. қатысты.

Дана ЖҰМАБЕКОВА, өнертану докторы,

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды