«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Музыка мектептері біріктірілмейді

0 178

Газетіміздің өткен санында Астана қаласының Білім басқармасы қосымша білім саласын оңтайландыру мәселесін қарап жатқанын жазғанбыз. Аталмыш басқарма басшысы Әнуар Жанғозин қала әкімдігінің ресми сайты арқылы музыка және көркемсурет мектептері біріктірілмейтінін хабарлады.

«Біз қосымша білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту мүм­кіндігін қарастыру­дамыз. Ата-аналар алаң­дамаса да болады. Ешкім де балаларды диплом мен сертификат берілетін сапалы білім алу мүмкіндігінен айыр­ғалы тұрған жоқ» дейді Ә. Жанғозин.
Оның мәлімдеуінше, басқармада мемлекеттік тапсырысты бөлу мүмкіндіктері қарастырылуда. Олардың ішінде жекеменшік ұйымдар да бар. Осы жағдай оқу ақысын көтермеуге ал­ғышарт жасап, кәсіпкерлерді оқушыларды дамыту орталықтарын ашуға тартады. Қазіргі таңда Астанада қосымша білім беру негізінен мемлекеттік ұйымдарда атқарылады.
«Былтыр филиалдар саны 90-ға жуық болса, бүгін олардың қатары 140-қа жетті. Аталған бағытта жұмыстар жал­ғасуда. Бүгінгі таңда қала бойын­ша қосымша білім берумен қамту 74%-ды құрайды. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 90-95 %-ға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, музыка және көркемсурет мектебі желісін кеңейту, Оқушылар сарайы мен комьюнити-орталықтардың филиалдарын ашу жоспарланды» дейді басқарма басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды