Музейді тегін аралады

0 88

Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде Ш.Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицей оқушылары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қызметкерлеріне арнап тегін экскурсия ұйымдастырылды.

image-19-10-21-09-33
image-19-10-21-09-33-1
image-19-10-21-09-33-2
image-19-10-21-09-33-3
image-19-10-21-09-33-4
image-19-10-21-09-33-5
image-19-10-21-09-33-6
image-19-10-21-09-33-7
image-19-10-21-09-33-8
image-19-10-21-09-33-9
previous arrow
next arrow

«Бүгінгі іс-шараның тәлім-тәрбиесі мол деп ойлаймыз. Өйткені Сәкен Сейфуллиннің көзі көрген, қолы тиген жәдігерлермен жақынырақ танысып, оның тарихына үңілудің сәті туды. Оқушылар да, жобалық кеңсеміздің қызметкерлері де бүгінгі экскурсия барысында тың дүниелерге қанығып, білім көкжиектерін кеңейтті» дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің PR және медиакоммуникациялар орталығының қызметкері Раушан Арманқызы.

Аталмыш музей қызметкері Кәмила Үйсенбаеваның айтуынша, тегін экскурсия мұнымен бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ.

«Елордадағы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға да тұрақты түрде тегін экскурсия ұйымдастырылып тұрады. Музейге кіру құны да негізі қымбат емес. Есігіміз кез келген адамға ашық. Музей дүйсенбіден басқа барлық күндері, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді» дейді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =