«Музей түні» онлайн өтеді

0 13

Алдағы 18 мамырда сағат 17.00-21.00 аралығында Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Музейлер түні» шарасы өтеді. Бұл іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылады.Шараның мақсаты – мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау. Бұл айтулы күн 1977 жылы халықаралық музейлер кеңесінің бас конференциясында бекітілген. Осыған орай, 1997 жылы алғаш рет «Музей түні» Берлин қаласында өтті.
«Музейлер түні» шарасы Ұлттық музейде жыл сайын тамаша дәстүрге айналған. Аталған шара осыған дейін бес мәрте өткізілді. Ұлттық музейдің бес жылдығына орай ұйымдастырылған акция аясында қонақтар музей қорынан жаңа экспонаттармен толықтырылған этнография залы мен жаңа ашылған «Асыл мұра» залдарын тамашалаған болатын.
Биыл «Музей түні» шарасы «Біз біргеміз» тақырыбында әлеуметтік парақшалары арқылы жүргізіледі.
Бағдарлама барысында көрермендер назарына музей залдары бойынша түсірілген «Ұлы дала жау­һарлары» және «Ұлттық музей – ұлт айнасы» атты деректі фильмдер ұсынылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × three =