«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұздағы мотожарыс

0 264

Астанада алғаш рет спидвейден Әлем чемпионатының финалы өтеді. Мұз үстіндегі мотожарыс 3 ақпан күні «Алау» мұзайдынында басталып, екі күнге жалғасады.

Бұл доданы Астана әкімдігінің қолдауымен ҚР Автомотоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр. Жалпы, Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM) бекітуімен жеке есеп бойынша 2018 жылы спидвейден Әлем чемпионатының финалы 5 кезеңнен өтеді. Соның ең алғашқысы және ең тартыстысы Астанада салтанат құрады. Ал қалған кезеңдері Ресей, Германия және Голландия елдерінде өтпек.
Елордада мұндай жарыс бірінші рет өткелі жатқанымен, еліміздің бұл спорт түрінен әлемдік деңгейде жарыс ұйымдастыру тәжірибесі бар. Үш жыл бұрын Алматының «Медеу» мұзайдынында әр елден жиналған мотоциклшілер бақ сынаған.
Қазақстандық спортшылар бұл сайысқа жарыс иелері ретінде қатыспақ. Өте қызықты, тартысты өтетін турнирдің билеттері қазір сатылып жатыр.

 

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды