МҰЗ МҮСІНДЕР ЖАРҚЫРАЙДЫ

0 187

IMG_3036

Сарыарқа ауданында қаланың безендірілуі жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Мұз айдыны мен екі сырғанақ алаңы көпшіліктің игілігіне берілді.

Қыстың сәні жасыл шырша екені белгілі. Биыл Сарыарқа ауданында сегіз шырша орнатылды. Атап айтқанда, қала әкім­дігінің, М.Өтемісұлы атын­дағы Оқушылар сарайының, Қаржы министрлігінің, К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының, теміржол вокзалының алдына және тағы басқа жерлерде бар.

Көше бойындағы «Шырша мен кәдесый шарлары», «Қар ұшқындарынан жасалған шырша», «Боран мен жыл нышаны», «Қысқы шие», «Қыс қызы», «Қар ұшқындары» деп аталатын сәулет мүсіндері жарқырап, көпшіліктің көзайымына айналды. Сондай-ақ, қала тұр­ғын­­дарының демалысын ұйым­дастыру үшін «Жерұйық» сая­бағында да конькиді жалға алу орындары мен мұз айдыны пай­далануға берілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =