МҮШӘЙРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

0 112

Елорда әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының 15 жылдық мерекесі құрметіне орай Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы жариялаған рес­пуб­­ликалық жыр бәйгесіне еліміз­­дің әр өңірінен, алыс-жақын шетелдегі қандастарымыздан – барлығы 70-ке тар­та шығарма келіп түскен.

Астанада осымен үшінші мәрте өтіп отырған бұл мүшәйраға өлең өнерінің небір өрелі жүйріктері қатысты. Бәйгенің басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның азат Астанасын жан-жақты жарқырата жырлау.

Сәуле Досжанова да Астана тақырыбын әдемі игере біліпті.

Сонымен, қазылар алқасы ақыл­да­­­са келе, бас бәйгені (жеңіл ав­­то­­­­­­кө­­лік) Серік Тұрғынбековтың «Астана – Дастан» өлеңдер топ­тама­­сына беруді жөн көрді.
Бірінші орынды «Астанамен сыр­­ласу» өлеңдерімен оза шапқан Ба­­уыржан Жақып қанжығасына бай­­лады.

Екі екінші жүлдені «Мерей то­­йың құтты болсын, Астана!» және «Ас­­тана суреттері» өлеңдер топтама­­ла­­ры үшін Кәкімбек Салықов пен Сәу­­ле Досжанова еншіледі.

Үшінші үш сыйлыққа Махсет Әлсейітов, Жанат Әскербекқызы, Ерлан Жүніс лайық деп табылды.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2013 жылдың 1 шілдесі күні Астана қаласы Конгресс-Холл сарайында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 20 =