Мұражай салынуы мүмкін

0 83

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысы Астананың 15 жылдығы мен «ЭКСПО-2017»-нің құрметіне «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуды ұсынды.

Қозғалыстың тең төрағалары Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгелдің жетекшілік етуімен Үндеу қабылданды. Бүкіл қазақстандық акцияны бастау туралы Үндеуде қысқаша былай делінген: «Астана күн сайын өсіп, өркендеп, қарыштап, дамып келеді. Бұл күнде жаңа елордамызды бүкіл әлем танып, мойындады. Тек соңғы жылдары Астана қаласында әлемдік деңгейдегі ірі симпозиумдар, басқосулар, съездер және спорттық, мәдениеттік шаралар өткізілді. Соның ішінде ЕҚЫҰ саммитін, Әлемдік діндер съезін, 7-інші қысқы Азия ойындарын атап айтсақ болады. Бұл күнде астаналықтар елордамыздың құрылуының 15 жылдығына және ЭКСПО-2017 әлемдік көрменің өткізілуіне дайындық үстінде. Осы орайда «Ұлы Дала Қырандары» РҚМӘ қозғалысы өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Ол Астана қаласының жанынан «Ұлы Дала Даңқы» – «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салу болып табылады. Бұл, шын мәнінде, әлемде теңдесі жоқ Ұлы Далаға арналған тұңғыш мұражай болып саналады. Оған атсалысу ұлтын, Ұлы Даласын, елін сүйетін азаматтардың асыл борыштары деп білеміз. Сондықтан, «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы Ұлы Дала Даңқын асқақтататын мұражай салуды бастайды. Соған атсалысыңыздар, құрметті ағайындар!». Үндеу соңында «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының өкілдері Астананың мәдени-рухани байлығын еселей түсемін деушілер үшін есеп-шоттарын көрсеткен.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =