«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мұражай мерейі

0 295

Биыл Астана төріндегі Сәкен Сейфуллин мұражайының ашылғанына 30 жыл толады. Мәдени ошақ мерейтойы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай музейдің ғылыми-ағарту бөлімі бірқатар жұмыстарды жоспарлап қойды.

Ең алдымен аталмыш мұражайдың ғылыми каталогын жасау қолға алынбақ. Осы жылы атқарылар маңызды істердің қатарына музей қызметкерлерінің Ресейдің Орынбор мен Омбы қалаларының архивтеріне жаңа деректер іздестіру мақсатында іссапарға шығуы да енгізіліп отыр.
Еліміздің әр өңірінде арыстарымыздың аты берілген мұражайлар жұмыс істеп тұр. Сол мұражайлардың және Астана музейлері қызметкерлерінің басын қосып, ғылыми-тәжірибелік конференцияны, Сәкен ән-күйлерінен концерттік бағдарлама ұйымдастырмақ.
Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бір кездегі Ақмола, гүлденген бүгін Астана» атты тарихи-деректі фотокөрме өткізу осы жылдың жоспарына енгізілді.
Қарағанды облысындағы Нұра ауданы Ахмет ауылындағы, Жаңаарқадағы, Нілдідегі Сәкен музейлеріне ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету де маңызды іс болмақ.
Былтыр «Тар жол, тайғақ кешу» романына жасалған ғылыми талдаудың бірінші кітабы жарық көрді. Биыл екінші кітабын шығару жоспарланып отыр.
Бірнеше жыл бұрын «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен музыкалық мұрасы» атты ғылыми-зерттеу еңбегі шықты. Осы жылы ол толықтырып, СD диск әндерімен қоса бастырып шығарылмақ. Бұған қоса, «Мен Ақмолалықпын» атты Сәкеннің Ақмола кезеңіндегі өмірдерегінен жинақ та әзірленбек.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды