Мұрашбековтің мүсіндері

0 195

Бейбітшілік және келісім сарайындағы «Kulanshi» өнер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас мүсінші Абылай Мұрашбековтің «Тартылыс» атты көрмесі ашылды. Көрменің ерекшелігі, мұнда қойылған барлық мүсіндер қағаздан, пластиктен және жезден жасалған.Көрме атауы бекерден-бекер таңдалмады. Қазіргі пандемия уақытында адамдарға көзбе-көз қарым-қатынас жетпейді. Мүсінші өнер туындылары арқылы соған назар аударуға тырысты. Өз жұмыстарын қолы жеткен қарапайым материалдардан соғып шықты. Ол бұдан бұрын студенттердің вернисаждарына қатысқан еді, ал «Тартылыс» – алғашқы жеке көрмесі. Папье-маше техникасында орындалған 30 мүсінді Лондонда өткен онлайн-көрме көрермендері бағалап үлгерді. Ол жақта, негізінен, оң пікірлер айтылған көрінеді.
– Абылаймен «Ұстаз бен шәкірт» жобасында танысқан едік. Оның туындылары қарапайым көрермендермен қатар бейнелеу өнері кураторларын да қызықтырады. Қазір өнер шеберханалары жабық болғаннан кейін, біз ол алаңсыз жұмыс істеуі үшін студиямызды бердік. Сол студияда ол бірнеше ай бойы мүсіндер соқты. Нәтижесін көріп отырсыздар. Абылай – өте еңбекқор, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын, өнерде өз көзқарасы бар өнерпаз. Оның жұмыстарында еуропалық стиль байқалады. Бұл туындылар көрген адамдарды ойландырмай қоймайды. Көрме атауы да дәл табылған. Абылайдың мүсіндері көрермендерді тартады. Өнер құдіреті де осы шығар, – дейді белгілі қылқалам шебері Лейла Махат.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + fourteen =