Мұқтаждарға көмек берді

0 56

Нұр-Сұлтан қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігімен бірлесіп қайырымдылық шара өткізді.Пандемия жағдайына байланысты көмекке мұқтаж азаматтарға жәрдем көрсету мақсатында «ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыстар одағы» республикалық ұйымының ұсынысын қолдаған Ресей елшілігі Нұр-Сұлтан қаласында тұратын «ауғандық» ардагерлерге азық-түлік бөлді.
– Жасыратыны жоқ, қазір көмекке мұқтаж адамдар аз емес. Солардың қатарында кезінде Ауғанстан соғысында болып мүгедек болып келген, денсаулығы нашарлаған азаматтар да баршылық. Сондай-ақ сол соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына да көмек көрсету парызымыз деп білеміз. Ресей елшілігі ұсынған азық-түлікті көмекке аса зәру азаматтарға үлестіріп бердік. Ал қайырымдылық жәрдем алғандар ризашылықтарын білдірді. Біз мұндай шараларды жағдайымыз келгенше жиі ұйымдастыруға мүдделіміз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кенжебеков.
Елордалық жауынгер-интернационалистер одағы жыл басынан бері бірқатар қайырымдылық шараларға қатысты. Атап айтқанда, мүгедектер мен ауруы асқынған ардагерлерге волонтерлермен бірлесіп дәрі-дәрмек, азық-түлік таратты. Сондай-ақ Түркістан облысындағы су тасқыны апатынан зардап шеккендерге ұйым атынан қаржылай көмек көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − four =