Мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды

0 51

Елорданың этномәдени бірлестіктері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алғыс марафоны» акциясында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетті.

– Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан халқына, отбасыларға, ата-аналарға, көршілерге алғыс білдіруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі. «Мұқтаж адамдарға көмектес» шарасы жалғызбасты адамдарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға, көпбалалы отбасыларға бағытталды. Мұндай акциялар ассамблеяның ауқымды іс-шараларды ғана емес, қайырымдылық істерді де өткізетіндігін көрсетеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы этнос­аралық қатынастар бөлімі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Галина Кобзева.
Ассамблея еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 70 азық-түлік қорапшасын таратты. Оның ішінде күріш, ұн, қант, макарон, кондитерлік өнімдер, жеке гигиена заттары кіреді. Акцияның демеушілері – меценаттар, ҚХА кәсіпкерлер кеңесінің өкілдері.
Азық-түлік қорабын тасымалдауға 150-ден аса адам қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 3 =