Мұқағали мерейтойына арналған мүшайра

0 13

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» орталығы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырып жатыр.Екі тапсырмадан тұратын мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Алғашқы өлеңде М.Мақатаевтың поэзияда алатын орнын, айрықша ақындық «менін», суреткерлік бейнесін, қаламгерлік шеберлігін кестелеу керек. Екінші тапсырмада қатысушының тіл тақырыбына арналған өлеңі болуы шарт. Онда ана тіліміздің баға жетпес байлығы, сөз құдіреті, бабалардан қалған асыл қазынамыз және қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігі көрініс табуы тиіс.
Байқауға қатысушы үміткерлер өздері туралы мәліметті және шығармаларын 5 мамырға дейін ryhaniat@gmail.com поштасына жолдауы қажет. Іріктеуден өткен шығармалар 6 мамыр күні Zoom платформасы арқылы онлайн түрде өтетін мүшайраға қатысады.
Іріктеуден өткен шығармалар Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =