МҮМКІНДІГІ КЕМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ

0 89

Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы:­ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында­ әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары баян етілді. Мемлекет­ әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс деп атап көрсетілді. Бұл өзім жетекшілік ететін «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы»­ қоғамдық қорының қызметіне тығыз байланысты. Республикамызда­ бес мыңнан астам «колясочниктер»  бар. Тек астананың өзінде «қол арбаға таңылғандардың» саны 600-ден асады. Соның арасында бір мүшесінің кемтарлығы болғанымен көкірек көзі сайрап тұрған, қандай жұмысты болса да үйіріп әкететіндері жоқ емес.

Шетелде мүгедектер деп ойлау қабілетін жоғалтқандарды ғана айтады. Апатқа ұшы­рап,­ не болмаса басқа да себеппен­ аяғынан айырылғандар қоғамның толыққан­ды­ азаматы деп есептеледі, олардың құқығы шектелмейді. Германияда 85 пайызы жұмыспен қамтылса, біздің елде мұндай жандар­дың үш пайызының ғана жұмысы бар. Бұл олқылықтың орны толады деп сенеміз. Ол туралы Елбасы халыққа Жолдауында былай деп айқындап берді: «Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауап­кер­шілік алатын болады. Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топ­та­рын жұмысқа белсене тартып, оларды­ еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағ­дай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасай­ды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мем­ле­кет­тік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек» делінген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлыққа да, материалдық көмекке де тәуелді болатыны белгілі. Алайда, мүгедектердің басым көпшілігі ешкімнің мойнына масыл болғысы келмейді. Оның бір дәлелі мүгедектердің еркін жүріп-тұруына қолайлы «Инвотакси» қызметі ашылғалы бері көптеген аза­мат­­­тарымыз жұмысқа орналасып, қоғам­ өміріне араласуға деген құштарлығы қуан­туда. Көптеген кәсіпорындар мен меке­ме бас­шы­лары да мүгедектер мәселесіне мойын бұрып,оларға арналған жұмыс орнын­ ашуда. Мүгедектердің оқшау өміріне өзге­ріс еніп, мүддесі қорғалатынына сенгім келеді.

Жанат ОМАРБЕКОВА,
«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы»­
қоғамдық қорының төрайымы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =