МҮГЕДЕКТІҢ МҰҢЫ БАР

0 124

Біздің арамызда айна­ла­сын­да­ғылардың жылы қабағы мен­ ықыласына зәру жұмырбастар жетерлік.

Мұн­дай­ жандарға құрметтің қай түрі­ де артық етпейді.

Қа­ладағы саңырауларға ар­нал­ған оқу-өндірістік кә­сіп­ор­нының жұмысымен та­ны­суға барған біздің кө­ңіл­ге түйіп қайтқанымыз осы болд­ы.

Мекеме басшысы Нұрлан Төкенов әңгімесінің әл­қи­с­са­сын­ кәсіпорынның қызметін таныстырудан­ бастады.

Мұнда жұмыс жасайтын аза­мат­тар­­дың­ дені жоғары білімі жоқ,­ тек­­ мүгедектерге арнал­ған­ мек­теп-ин­тер­нат­тың білімімен шек­­тел­ген­дер­ екен.

Себебі, мүмкіндігі шектеулі жан­дар­­дың жоғары білім алуына бізде жағдай қарастырылмаған. Жоғары оқу орындарында аудармашылар­ жоқ,­ арнайы әдебиеттер де жоқтың қа­сы.­ «Сондықтан біз оларды ос­ын­­­да­­ оқытамыз. Талабы барын жұ­мысқа қа­был­даймыз. Бүгінде қыз­дар­ жұмыс істейтін тігін шеберханамыз, жігіттер үшін жиһаз жасау це­хымыз бар» дейді кәсіпорын бас­шы­сы.
Мекемеде 18 бен 58 жас ара­лы­­­ғын­­да­­ғы­­ елу­­ден­ аса мүмкіндігі шек­теулі жан жұмыс жасайды. Арасын­да елі­міз­дің өзге өңірлерінен аза­мат­­тар да бар. Жұмысшылар өз кәсібіне берілген, еңбекқор жандар екені көрі­­ніп тұр. «Өнімдерді арнайы тапсырыспен шығарамыз. Еліміз бойынша он ­сегіз оқу-өн­ді­рістік орталығы бар. Мемлекет сол­ кәсіпорындар арасын­да тендер жа­рия­лайды, ережеге сай кел­ген ме­кеме белгіленген тапсырысты қа­был­дап, жұмысшыларға ар­нал­ған­ киімдер, балабақшалар мен жа­­тақ­­ха­­на­лар­ға төсек-жабдықтар ті­­­ге­­ді.­ Біз жасайтын өнімдеріміздің шикізатын шетелдерден, соның ішінде Ресейден ал­ды­ра­мыз. Тап­сы­рыс­ берген мекеме алдын ала қа­ра­жат­ бөлмегендіктен біз өнімді дай­ын­дау үшін несие аламыз. Сол ар­қы­лы тапсырысты орындап, ең­бе­к­а­­қы­­мыз­ды алғаннан кейін не­сие­­ні төлейміз. Осылайша жұмыс жасап жатырмыз», – дейді Нұрлан Жеңісұлы.

Мекеме мемлекет тарапынан да тиісінше көмек алып тұрады екен. Мәселен, үкімет орта мектепті енді ғана бітіріп келген азаматтардың жа­ла­қы­сының алғашқы екі айда 50 пайызын, сосын жыл аяғына дейін 30 пайызын төлейді.

Десек те, кәсіпорында күрмеулі мә­­­се­­ле­ де­ жоқ­ ем­ес.­ Тех­ни­­ка­лық­ жаб­­­­­дық­­­­­тар­­­­­ ес­­­­кір­­­­ген.­­ Со­­нау­ 60­­­-­70­­­-жыл­­­дар­­­дан­­ қал­ған тігін ма­ши­­­­на­­ла­­ры­ әлі­ де қолданыста. Тіпті, жа­­­рам­­­сыз­ болып қалған ма­ши­на­лар­­ды бір-бірімен құрастырып, қай­та жасап шығаруға мәжбүр ек­­ен­­дік­­терін айтады.

Аталған кәсіпорын са­ңы­рау­лар­ды еңбекке баулып, жұмыспен қам­ту­мен қатар, олардың арасын­да­ өнерін шыңдауды ұмыт қал­дыр­май­ды. Би, клоунада және ыммен өлең айту секілді өнер түрлерінен байқаулар өтіп тұрады. Байқау же­ңім­паздары тіпті, республикалық дәрежедегі сай­ыс­­тарға қатысып, жүл­де­лі орын­дар­ға жетіп жүр екен.

Бүгінде еліміз бойынша 800-ге жуық кемтар жандар екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Олар­дың бі­р­­а­зы­ ауылды жерде тұрады. Кө­бі­­сі­нің ар­найы­ мамандығы да жоқ.

Республика бойынша құлағы есті­­мей­­тін және шала еститіндерге ар­нал­ған 29 мектеп-интернат бі­лім­­ бе­ре­ді. Құлағының кемісі бар жан­дар­дың­ жалпы саны 94 мың бол­са,­­ олардың 24 мыңы ғана арнайы тір­кеу­ге алынған. 15 мыңнан ас­та­мы –­­ Саңыраулар қоғамның мү­шесі. Бү­гін­гі күні қоғам мүшесі болып табылатын 355 мүгедек ЖОО­ және ор­та арнаулы оқу ор­ын­дарында білім алып жүр. Аяқ-қолы балғадай жандар тер тө­гіп­ еңбектенуге ері­­не­­тін қазіргі за­ман­да мүгедек жан­­дардың жұмыс іс­теу­ге деген ын­та-жігерінің жоғары болуы кө­ңіл­ге қуаныш ұялатады.

Қызғалдақ ҚЫДЫРБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 6 =