Мүгедектің мүддесі қалай қорғалуда?

0 3

Елордада Nur Otan партиясының мүшелері мүгедектерді оңалту және газдандыру мәселелерін талқылады.

Lgotyi-rabotayushhim-invalidam

Инклюзивті қоғам және газдандыру мәселелері – Nur Otan партия­сының  тұрақты бақылауында. Мониторингтің ең өзекті мәселесі көмек сұрап хабарласқан мүмкіндігі шектеулі жандарды қазіргі заманғы техникалық құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Nur Otan партия­сының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру бағыттарының бірі тұрғын үй алаптарын газдандыру мәселесі болып табылады. Бұл халықты табиғи газға көшуге ынталандыруды көздейді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаның айтуынша, бүгінде 14 227 мүгедектігі бар азаматтың өтініші қабылданып, әлеуметтік қызметтер порталына жіберілді. Қазіргі уақытта олардың 80 пайызы техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік осал топ өкілдеріне 90 АЕК (262 530 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған. Халықты табиғи газға көшіру үшін ынталандыру мақсатында 127 отбасыға көмек рәсімделді, оның ішінде 110 отбасы төлем алды. Жыл соңына дейін тағы 100 азамат әлеуметтік көмекке ие болады.

Отырыс қорытындысы бойынша, партия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Жол картасының 46-тармағы бойынша халықтың осал топтарына төленетін қаржы сомасын қайта есептеу және қайта қарау үшін мониторинг пен талдау жүргізуді, сондай-ақ қалалық партиялық бақылау комиссиясында Жол картасының 19-тармағын қарау­ды ұсынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − three =