МҮГЕДЕКТЕРГЕ МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚ

0 314

dea7024eda282e5fdde658d0f76

Наурыз мейрамы күндері елордамызда мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі өтеді. Игілікті шараны ұйымдастырушылардың бірі – «Мейiрiмдiлiк-М» қоғамдық қорының төрайымы Айгүл Сейіловамен жолығып, қайырымдылық акциясы туралы сұрап білген едік.

Әз Наурыз мерекесіне қандай шара дайындап отырсыздар?

– Елбасы «Қазақстан жолы -2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты Жолдауында мүгедектер мәселесіне ерекше тоқталып, мүм­кіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету қоғам алдындағы парыз деп баса айтқан еді. Мүгедектердің құқығы мен мүддесін қорғау де­геніміз олардың өмірлеріне мейі­рімділік шуағын төгіп, серпіліс беру қажеттігін жақсы түсінеміз. Көптеген жүректерге жол табатын қайырымдылық шараларын ұйым­дастырып жатырмыз. Нау­рыздың  21-23 аралығында «Asia park» сауда ойын-сауық орталығында «Армысың, әз Наурыз!» атты мүм­кіндігі шектеулі балалардың қолы­мен жасалған өнімдердің көрме-жәр­меңкесін өткіземіз.

– Жәрмеңкенің ерекшелігі қандай болмақ?

– Экспозицияға мүгедек балалар­дың өз қолымен жасаған 100-ден ас­там туындысы қойылады. Атап айт­қанда, суреттер, картиналар, мон­шақ, бисерден өрілген түрлі кәде­сыйлар мен киізден, ағаштан жасал­ған бұйымдар сатылады.

Бұдан басқа, 5-15 жастағы өнерпаз балалардың қатысуымен өтетін кон­церттік бағдарламамыз бар.

– Мүмкіндігі шектеулі сәбилердің жәрмеңкеге дайындығы қандай?

– Өте жақсы. Жүзге тарта тауа­рымызды буып-түйіп дайындап отырмыз. Жалпы, өзімізбен бір қо­ғамда жүрген мүмкіндігі шектеулі жан­дарға баршамыз мейірімді болуымыз керек деп ойлаймын. Қолдау мен қамқорлық болса олар қанаттанып, шабыттанып жүреді. Өмірге деген құштарлығы арта түседі. Осы көрмеге қатысқанымыздың өзі олар үшін үлкен демеу деп түсінемін. Сондықтан да осы шараны өт­кі­зудегі мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесіне қоғам назарын аудару, сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ынталандыру болып отыр.

Айгүл УАЙСОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =