©2020 Астана Ақшамы
Мүгедектерді бейімдеу орындары көбеюі мүмкін
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі кәмелеттік жасқа толған мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдейтін орындар ашу туралы ұсыныстар енгізіп, бұл туралы арнайы ереже әзірлеп жатыр.
Мүгедек жандарды қоғамға бейімдеудің маңызы үлкен. Жақында ғана Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Айткүл Омаровамен әңгімелескенімізде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жасы үлкейген сайын қоғамның аялы алақанына әлдеқайда зәру болатындығын, сондықтан оларды бір уақыт алдандыратын, өзі сияқты жандармен мұңдасып, шер тарқасуға мүмкіндік беретін арнайы орталықтар құрылу керектігін айтқан болатын.
Енді міне, көптің тілегі қабыл болып, келешекте елімізде, соның ішінде Астанада мүгедектерге арналған бейімдеу орталықтары көбеюі мүмкін.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ