МҮГЕДЕКТЕР ТҰРАҒЫНА ТҰРҒЫЗБАЙДЫ

0 146

тұрақ

Елордада мүгедектерге арналған тұрақтарға көлік қою ережелерін бұзу жағдайларын анықтауға бағытталған рейд ұйымдастырылды.

Аталмыш рейдті өткізуге мүгедек жүргізушілерден Астана қаласының ІІД және қала әкімінің сайтына келіп түскен өтініштер негіз болды. Рейд өткен екі күннің ішінде мүгедектерге арналған орындарға көлік қою немесе тоқтау ережелерін бұзғаны үшін 20-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды, 6 мемлекеттік нөмір белгісі тәркіленді. Тәртіп бұзушыларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік полиция басқармасы көлік жүргізушілерге жоғарыда орын алған құқық бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда бірнеше рет қайталанған жағдайда, айыппұл мөлшері 70 АЕК-ты құрайтынын ескертеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =