МОРАТОРИЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

0 85

data-security

Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл сәуір айынан орта және шағын кәсіпкерлік субъектісін тексеруге мораторий жарияланғаны белгілі. Соның нәтижесінде еліміздегі 40 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектілері тексерістен босатылды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында (palata.kz) жарияланғанындай, 2013 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне 200 мыңнан аса тексерулер жүргізілген болса, биыл бүгінге дейін 423 тексеру ғана жасалған. Оның ішінде 3 тексеріс бақылау және қадағалаушы органдардың жоспарлы тексерісі болса, қалған тексерулердің барлығына кәсіпкерлер өздері мүдделілік танытқан көрінеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ерекше бақылауда тұр. Мораторий күшіне енген мерзімде Бас прокуратура 10 мыңнан астам тексерісті тоқтатқан. Енді, міне, биыл 40 мыңнан аса кәсіпкер тексерістен босатылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =