Мобильді топ жүктемесі 30 пайызға төмендеді

0 6

Елорда тұрғындары үй жағдайында сапалы медициналық көмек алып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды. Олардың құрамында фельдшер мен медбике жұмыс істейді.

– Мобильді топтар шақыртуларға барып індеттің белгілерін байқаса, біздің фельдшерлер үйден ПТР-зерттеу үшін қан алады. Сондай-ақ COVID-19-бен ауырған отбасы мүшелерінен талдау алынады. Осылайша олардың емханаға келуін азайтып, қауіпсіздігін сақтай аламыз, – деді бас медбике Күлзи Әбенова.
Дәрігерлер үйде көрсететін медициналық көмектен басқа диспансерлік есепте тұрған нау­қастарға дәрі-дәрмек әкеледі. Сондай-ақ «DamuMed» қосымшасы арқылы онлайн-кеңестер өткізеді.
Дәрігерлердің айтуынша, карантин енгізілгеннен кейін жағдай тұрақталған. «Бүгінгі таңда бізде 6 мобильді топ жұмыс істейді. Карантин енгізілгеннен кейін шақыртулар саны 30 пайызға төмендеді» дейді маман.
Шілде айынан бері қалалық жедел жәрдем стансасына түсетін қоңы­раулар саны үш есе азайды – күніне 3000-нан 1100-ге де­йін. Оның ішінде індет бойынша – тәулігіне 500-ден 89-ға дейін төмендеген.
Қазіргі таңда елордада 200-ге жуық мобильді топ жұмыс істейді. Бір мобильді топ қызметі бес мың тұрғынға есептелген.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =