МИНИСТРЛІКТЕР МӘЛІМДЕЙДІ

0 131

СЦК

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Роза Кәріпжанова, өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы, сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаевтың қатысуымен Үкімет отырысының қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Үкімет отырысында қаралған әлеуметтік-экономикалық маңызды іс-шаралардың барысымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова таныстырып өтті. Ол туберкулез кеселіне қарсы жаңа жоспар қабылданғанын хабарлады. 2020 жылдарға дейін жүзеге асырылатын кешенді бағдарлама бойынша туберкулезге қарсы қызмет жаңғыртылып, науқастарға көрсетілетін амбулаторлық жәрдемнің аясы кеңейтілетінін жеткізді.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерімен бірге «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2011-2013 жылдардағы бірінші кезеңінде атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталды. Сонымен қатар, министрлік басшылары жастар саясаты, өңірлерді дамыту, энергия тиімділігін арттыру, қаржы мәселелері жөніндегі бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ал ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапарына дайындық барысымен таныстырды.

Арыстанбек МухамедияулыҚР мәдениет министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ:

Мемлекеттік тіл: бірліктің факторы

– «2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламасы ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы болып саналады. Осы мемлекеттік бағдарламаны орындаудыңүш кезеңі бар. Қазір 39 іс-шарадан тұратын 2011-2013 жылдарға арналған бірінші кезең аяқталды. Қолда бар деректер бойынша Қазақстан халқының 62-63 пайызы – қазақ тiлiн, 92 пайызы – орыс және 16,6 пайызы ағылшын тiлiн меңгерген. Елбасының денқойып отырған саясаты – елiмiздеүш тұғырлы тiлдi дамыту.

 

КайырбековаҚР денсаулық сақтау министрі Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА:

70 жас – жеткен меже

Қазақстандықтардың орташаөмір сүру ұзақтығы бүгінде 70,45 жасты құрайды. 2015 жылға қарай оны 71 жасқа жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мәселеге назар аударғаным, өйткені, 70 жастық межеге біз 2015 жылға қарай қол жеткізуіміз керек еді. Яғни, біз бұл межені бір жыл бұрын бағындырып отырмыз.

 

ВолковҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей ВОЛКОВ:

Қазақстан-Корея: визасыз қарымқатынас

– Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. ОлҚазақстан Республикасы мен Корея Республикасы үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ. Бұл келісім Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді. Бұл туризмді, медицинаны, ғылыми технологияларды, студенттер алмасу және басқа да жайттарды дамыту қажеттілігінен туындап отыр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 8 =