МИНИСТРЛЕР МӘЛІМДЕЙДІ

0 110

фонннннннн

27 мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтіп, Үкіметтің бірқатар мүшелері жылу-энергетика кешенін дамыту мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, техникалық реттеуді дамыту жоспары және ҰБТ-ға дайындық сынды ведомстволық жаңалықтармен таныс­тырды.

исекешов

 

ӘСЕТ ИСЕКЕШОВ,
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі:

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ТӨРТ БАҒЫТТА ДАМИДЫ

– Отын-энергетикалық кешенді 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша әзірленді. Тұжырымдамада бірнеше блок қамтылған: электр энергетикасы, атом өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ секторы. Тұжырымдамада электр қуатының балансы бекітілді. Бізде үш аймақ бар: солтүстік, оңтүстік және батыс. Баланс­ты құруда елімізде энергия тапшылығының болмауы қарастырылды және 2030 жылға қарай өзімізді өзіміз электр энергиясымен қамтамасыз етеміз. Атом станциялары энергия балансына қосылғаннан кейін, біздің электр қуаты экспортқа шығарылады. Көмір өнеркәсібіне келетін болсақ, өткен жылы 112 млн тонна көмір өндірдік. 2030 жылы 100-120 млн тонна шығаруды жоспарлап отырмыз. Жылу және электр стансалары үшін көмір негізгі ресурс болып қала береді. Бүгінгі күні Ресейге шығарылатын экспорт 30 млн тонна шамасында және ол төмендеп келе жатыр. Көмірді Еуропа мен Қытайға, сондай-ақ өзге нарықтарға да экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Көмір өнеркәсібіндегі маңызды бағыттардың бірі – терең өңдеуді ұйымдастыру. Қазірде бірқатар компаниялармен серіктестік орнатылып жатыр. Жалпы алғанда, жаңа экспорттық мүмкіндіктер мен көмірді өңдеу осы саланы дамытуға серпін береді.

карабалин

 

 

ҰЗАҚБАЙ ҚАРАБАЛИН,
ҚР Мұнай және газ министрi:

КӨГІЛДІР ОТЫНҒА КӨПШІЛІК ҚОЛЫ ЖЕТЕДІ

– Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай өнімдерінің бағасын анықтауға келсек, одақтың негізі мен қағидаларын айқындайтын құжаттарда әрбір мемлекет мұнай өнімдерінің бағасын өз заңнамасына сай белгілейтіні айтылған. Яғни, ол тәуелді болмайды. Бірақ, уақыт өте келе бірыңғай экономикалық одақ болғандықтан, мүше елдер мұнай өнімдерінің бағасын сәйкестендіруге тырысады. Бұл бағыт дұрыс. 2025 жылға дейін қазіргі жағдайдағы шарттар бойынша жұмыс істемекпіз.

Сондай-ақ, біз 2018 жылы ел тұрғындарының 62 пайызын газбен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта мемлекет жыл сайын өңiрлердi газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 15-17 млрд теңгеге жуық қаржы бөледі.

Бүгінде Мұнай және газ министрлiгi Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша газ саласын дамыту жөнiнде арнайы тұжырымдаманы әзiрлеуді қолға алды. Құжат үстiмiздегi жылдың төртінші тоқсанында қарауға енгiзiледi. Аталған концепция отандық газ өнеркәсiбiнің тынысын ашпақшы.

Министрлiк мұнай шығару коэффициентiн арттыруды және инновациялық даму, ғылыми зерттеудi қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша iс-шараларды қосатын кешендi шараларды iске асыруды жоспарлап отыр. Қазақстанда 2030 жылы мұнай мен конденсат өндiрудiң жалпы көлемi шамамен 112 млн тоннаны құрауы қажет. Былтырғы жылы ол көрсеткіш 81,8 млн тоннаға жеттi.

Қазақстанда бүгiнге дейін 40 млрд текше метр газ өндіріп келсек, 2030 жылға қарай оны 60 млрд текше метрге арттыруды жоспарлап отырмыз. Ал газды жер қабатына қайта енгiзудiң болжамды көлемi шамамен 25 млрд текше метр.

Бүгiнгi күнi Қашаған және Солтүстiк Каспий жобаларын басқарушы компания «NCOC» қайта құрылып жатыр. Оған сәйкес жаңа бiрлескен басқару жүйесi ұйымдастырылуда. Яғни, консорциум құрамына кіретiн мердiгерлердiң үздiк мамандары қатысатын жаңа оператор құрылуда. Бұл жұмыс 2014 жылдың қыркүйегiне дейiн аяқталмақ. Жаңа құрылатын оператор жұмысының бұрынғысына қарағанда айтарлықтай тиiмдi болатынына үмiт артамыз.

мин образ

 

 

АСЛАН СӘРІНЖІПОВ,
ҚР Бiлiм және ғылым министрi:

БИЫЛ ҰБТ ФОРМАТЫ ӨЗГЕРМЕЙДI

– Тест тапсыру ерiктi түрде жүзеге асырылады. Осы жылы 133 мың түлек мектеп бiтiрдi. Оның 92 мыңы ҰБТ-ға қатысады. Оның iшiнде 63 мыңы қазақ тiлiнде, ал 28 мыңы орыс тiлiнде тест тапсырады. Биылғы ҰБТ 2-9 маусым аралығында арнайы жабдықталған 155 нысанда өтеді. 107 емтихан өткiзу пунктi аудан орталықтарындағы мектептерде, 48-i облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы ЖОО-да орналасады. Барлығы 1585 аудиторияға Бiлiм және ғылым министрлiгiнен 1700 бақылаушы жiберiледi.

Тест тапсырмаларының базасы мектеп пәндерiнiң қаншалықты сұранысқа ие екендiгiне байланысты жаңартылады. 2009-2013 жылдары тапсырылған ҰБТ сараптамасы физика, биология мен география пәндерiнiң ең көп таңдалатынын көрсетіп отыр. Негізі, бiзде 14 пән бойынша 170 мыңға жуық тест тапсырмалары бар. Олардың iшiнен алдағы сынаққа 14 мың тапсырмасы биыл әзiрленген 50 мыңға жуық тест тапсырмасы қолданылады.

Биыл 34 мыңға жуық бiлiм гранты бөлiнсе, оның 12 мыңдайы техникалық мамандықтар үшін, 5 мыңы – педагогикалық мамандықтарға және 2600-ге жуығы ауыл шаруашылығы мамандықтарына үлесті. Биыл ұлттық ЖОО-ға өту шектi ұпайы 70 болса, аграрлық ЖОО-ға 60 балды құрап отыр.

мамытбеков

 

 

АСЫЛЖАН МАМЫТБЕКОВ,
ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

ЖЕМ-ШӨП ЕГЕТІН ЖЕР КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТАМЫЗ

– Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн гектар алқапқа себу жос­парлануда. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Оның ішінде көктемгі егіс алқабы 19 млн гектарды құрайды. Ал дәнді дақылдар 15,9 млн гектар алқапқа себіледі. Оның ішінде бидай алқабы өткен жылдың деңгейінен 311 мың гектарға азайтылып, 12,8 гектар жерге егіледі деп жос­парланып отыр. Сол себепті, басқа дақылдардың алқаптары көбейтілуде. Мысалы, мал шаруашылығына қажетті жем-шөп егуді көбейтпекшіміз. Биыл елімізде майлы дақылдардың егістігі тұңғыш рет 2 млн гектардан аса алқапқа себіледі.

Қазіргі уақытта егіс барысы жоспардағыдай. Біздің оңтүстік аумақтарда жүгері мен күріштен басқа барлық дақылдарды егу жұмыстары аяқталды. Батыс пен Шығыста жоспарланған аумақтың 79 пайызы егілді. 27 мамырдағы жағдай бойынша, көктемгі дәнді дақылдарды егу жұмыстарының 62 пайызы атқарылды деуге болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАгро» холдингі еншілес ұйымдары арқылы 40 млрд теңге бюджеттік несие бөлінді. Өсімдік шаруашылығы барлық бағыттар бойынша субсидиялауға әлі 71,2 млрд теңге бөлінбекші, ал мемлекеттік ресурстарға көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы астық сатып алуға 3,5 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 296 мың тоннаға жуық арзандатылған бағамен жанармай жеткізілді. Бұл – науқанға бөлінген дизель отынының 82 пайызы.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =