Мерекелік шаралар жалғасады

0 8

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық мақсатында елордада 800-ден астам түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай қалалық жоспар құрылып, оның жартысына жуығы жүзеге асырылған. Оның ішінде 80-нен астамы — халықаралық және республикалық деңгейде, 700-ден астамы — қалалық және аудандық деңгейдегі шаралар бар.Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорданың мәдениет мекемелері офлайн және онлайн режимде арнайы тақырыптағы концерттік бағдарламалар, спектакльдер, қойылымдар, шығармашылық кештер, көрмелер және экскурсиялар өткізеді.
Алайда қазіргі пандемия жағдайына байланысты шектеулер көптеген іс-шаралардың ауқымы мен форматына түзетулер енгізуі мүмкін.
«Пандемия Тәуелсіздік тойына сөзсіз әсер етуде. Өкінішке қарай, қатаң санитарлық талаптар бойынша және елорданың «қызыл аймақта» болуына байланысты жабық ғимараттың ішінде өтуі жоспарланған, аса маңызды көптеген іс-шараны онлайн форматта өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Бұған дейін де біршама шараның көлемін азайтып, қатысушылар санын шектеген болатынбыз. Ахуал осылай жалғасатын болса, көптеген жоспарға түзетулер енгізілетін болады» деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасын басшысы Дәурен Бабамұратов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =