Мерекелік шаралар онлайн өтеді

0 63

Әлемді жайлаған ауыр індет біздің елге де оңай тиіп тұрған жоқ. Сондықтан қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты елорда күніне арналып, бұдан бұрын жоспарланған іс-шаралар тоқтатылды. Алайда, мерекелік шаралар онлайн режимде өтеді.

Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады. Сонымен бірге ұлт рухын асқақтататын «Домбыра күніне» арналған бағдарламаны «Қазақстан» ұлттық арнасынан онлайн-режимде тамашалай аласыз. Биылғы қала күніне арналған іс-шаралардың дені әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Сонымен бірге «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы және Жағалау шағын ауданынан Жедел жәрдем станцасы мен «Үйдегі дәрігер» атты медицина орталығы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ елордада үй кезегінде тұрғандар мен үлескерлерге пәтер кілті тапсырылады. Бұл іс-шара барысында санитарлық талап қатаң сақталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =