МЕРЕКЕЛІК САУДА МӘЗІРІ

0 123

520f55f0be728299ab26d9ccd179cb12

Бүгін Астана қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтарында және супермаркеттерде мерекелік жеңілдіктер жасалады.

Атап айтқанда, «Азия Парк», «Керуен», «Сарыарқа», «Хан шатыр» және «Мега Астана» сауда ойын-сауық орталықтарында жеңілдіктер жасалып, акциялар өтеді. Күні бойы тұтынушыларды радио арқылы құттықтау айтылады. Сондай-ақ, «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстан тұлғалары» атты фотокөрме ұйымдастырылады.

«Метро кеш энд Кери», «Тұлпар», «Анвар», «Рахмет», «Евразия», «Әлем» сауда орталықтары мен «Апрель», «Green» сауда желілерінде және «Green Mart» гипермаркетінде промо-акциялар, купондар мен дисконт карталар таратылып, тұтынушылардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған шаралар ұйымдастырылады.
Орталық базар, «Эталон», «Қамқор Астана», «Көктал», «Спутник», «Астықжан» сау­да үйлерінде де мерекелік жеңілдіктер жасалмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 3 =