МЕРЕКЕЛІК САЙЫСТАР­ МӘЗІРІ

0 153

39ffe8bea3f28ad6bcd392fd19cef5c2

Елорда төрінде өтетін Наурыз­ мейрамы бұқаралық спорт сайыстарына­ толы болмақ. Атап айтқанда, 22 наурыз күні Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңда, сондай-ақ, аудандардың орталық алаңдарында және «Пригородный», «Талапкер», «Железнодорожный», «Өндіріс», «Мичурино», «Көктал» және «Үркер» елді мекендерінде көпшілікке арналған жарыс­тар ұйымдастырылады. Күрес, кір тасын көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және басқа да спорт түрлеріне әркімнің қатысуға мүмкіндігі болады. Бұқаралық жарыстар­ сағат 10.00-де басталады.

Бұдан басқа, астаналықтар мен қала қонақтары бірқатар спорт жарыстарын тамашалай алады. Атап айтқанда, 18-23 нау­рыз аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде таэквондодан жасөспірімдер арасында ашық қалалық жарыс, 20- 21 наурызда шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы, 21-25 наурызда «Қазақстан» спорт сарайында су добынан ҚР чемпионатының шешуші кезеңі өтеді.

22-26 наурызда «Сайран» футбол алаңында балалар мен жасөспірімдер арасында футбол турнирін тамашалауға болады. 22 наурызда «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбе» мен «Шахтер» командаларының кездесуімен ҚР чемпионатының жаңа маусымы ашылады. 23-29 наурыз аралығында «Кеден» спорт кешенінде ерлер арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының төртінші кезеңі өтеді. Жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін де Наурыз мейрамында тартысты жарысқа куә болмақ. 23 наурызда Астаналық саябақта 10 шақырымға жүгіруден IV қысқы Астана кубогы өтеді. Ал 24 наурызда «Дәулет» спорт комбинатында теннистен халықаралық жарыс басталады. Наурыз мейрамына орай спорттық іс-шаралардың шеңберіндегі соңғы жарыс 25 наурызда «Еуразия» спорт кешенінде балалар үйлері шәкірттері арасында шағын футболдан турнирі болмақ.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 1 =